Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау

Сабақ: 5 санын қосу және азайту (презентациямен), 1-сынып

Түрі

Дәстүрлі

Типі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Индуктивтік әдіс

Көрнекілігі

  • Кеспе сандар
  • Фигуралар
  • Сызбалар
  • Кеспе қағаздар

Сабақтың мақсаты

Сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара байланысын түсіндіру; 5 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру.

Білімділік

5 санын қосу және азайту тәсілдерін меңгерту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, достыққа, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін және сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Біз оқушы баламыз,
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Сандарды ұғып жазамыз.

II. Тірек білімдерін жетілдіру

Жұмбақ-өлең

Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп екеуін,
Тағы да алдым үшеуін.
Алдым сонда нешеуін?

Жауабы: 5

Сөздік тапсырма

«Аудан» сөзінде неше әріп, неше буын бар?

Қосымша мәлімет: биыл Шалқар ауданына 80 жыл толды.

5 санының құрамы

  • 5 = 2 + 3
  • 5 = 4 + 1
  • 5 = 5 − 0

III. Жаңа сабақ

Қоянға сәбіз жинауға көмектесейік. Ол үшін төмендегі өрнектердің мәнін табамыз.

1 + 5
3 + 5
5 + 5
7 − 5
9 − 5
2 + 5
4 + 5
6 − 5
8 − 5
10 − 5

Сергіту сәті

Құлақтары жыбырлап,
Ақ қояным отырды.
Тоңып қалып қолдары,
Шапалақтап секірді.

№1. Қосу кестесі

  • 5 + 1 = 6
  • 5 + 2 = 7
  • 5 + 3 = 8
  • 5 + 4 = 9
  • 5 + 5 = 10

№2. Қосу және азайту өзара байланысы

Бір қосу мысалына сәйкес азайту мысалын құрастырамыз.

Қосу Азайту
1 + 5 = 6 6 − 5 = 1
2 + 5 = 7 7 − 5 = 2
3 + 5 = 8 8 − 5 = 3
4 + 5 = 9 9 − 5 = 4
5 + 5 = 10 10 − 5 = 5

№3. Есеп

Ұяда 9 балапан отырды. 5 балапан ұшып кетті. Неше балапан қалды?

Отырды

9

Ұшып кетті

5

Қалды

?

9 − 5 = 4
Жауабы: 4 балапан

№4. Өрнектің мәнін тап

10 − 10
7 + 2
6 − 4
7 − 2
6 + 2
8 − 0
7 + 0
5 + 3
4 − 2
4 + 2
6 + 3
9 − 9

Логикалық тапсырмалар

  1. Екі баланың аяғы нешеу?
  2. Үш сиырдың мүйізі нешеу?
  3. Төрт қойдың басы нешеу?

IV. Бекіту

Қорытынды

Сабақты қорытындылау: 5 санын қосу және азайту тәсілдерін қайталап, қосу мен азайтудың өзара байланысын бекітеміз.

Бағалау

Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы

№5 есеп.