Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау

1–4 сыныптар

Тақырыбы: «Кішкентай жұлдыздар» байқауы (2012 оқу жылы)

Мақсаты:

  • Талантты оқушыларды анықтау және іріктеу.
  • Дарынды оқушылардың өнерін шыңдау.
  • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Байқаудың ашылуы

Армысың, мектебімнің қауымы! Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер — ұрпақпен өмір жолы жалғанады.

Бүгінгі күн сіздерге арналады. Көңілді күндер туа берсін! Осы кеш сіздер үшін ашылады, осы кеште жұлдыздар сайысады.

Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі ата-аналар! Жаңалық пен жаңашылдықты, шынайы талантты, нағыз өнерді сүйетін барша көрерменге жалынды сәлем!

Бұл — әні мен сәні, күйі мен биі үйлескен «Кішкентай жұлдыздар» байқауы. Ендеше, бастаймыз!

Ал, халайық, ықыласпен тамашалайық, жұлдыздардың өнерін көрейік. Сыры мен сымбатына қарап, әділ бағасын берейік.

Әділқазылар алқасы

  1. Масалова Гүлназ Ғаділбекқызы — бастауыш сыныптар бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
  2. Жиенғазиева Нұрғаным Сұрамысқызы — музыка және орыс тілі пәнінің мұғалімі.
  3. Сүндетова Гүлмира Ерболатқызы — мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Өнер көрсетілімдері

Ән

Аспан күлімдеп, айы биік орнағандай — балаларға бақыт тілейміз.

«Бала тілегі»

Орындайтын: 1 «А» сыныбының оқушысы Абдрахманова Айкүміс

Ән

Аңыз боп ертегіден жеткен әуендермен қиял әлеміне саяхат.

«Ертегілер елінде»

Орындайтын: 1 «Д» сыныбының оқушысы Сағынғалиева Гүлнұр

Би

Мектебіміздің жұлдыздары өнерге ерте қанат қағып, мың бұралып билейді.

«Қара жорға»

Орындайтын: 1 «Д» сыныбының оқушысы Құспанова Арманай

«Тауыс»

Орындайтын: 1 «А» сыныбының бишілері — Қайырлинева Гүлнұр, Бисенбиева Мерует

Сән үлгісі

Ай секілді өздері, сыңғыр-сыңғыр сөздері. «Адам көркі — шүберек» — бүлдіршіндеріміздің сән көрсетілімі.

  • Шағын орталық тобы
  • Мад тобы
  • 1 «А» сыныбы
  • 1 «Б» сыныбы
  • 1 «Д» сыныбы

Ән

Балалықтың бал дәурені — бақыт пен шаттыққа толы болсын!

«Балдаурен»

Орындайтын: 2 «А» сыныбының оқушысы Жәдігерова Дана

Ән

Қошеметпен қарсы алайық — сахнаға өнерпаз оқушы шығады.

«Ах, Самара-городок»

Орындайтын: 2 «Б» сыныбының оқушысы Ерғалиева Дильназ

Ән

Туған жерге деген сағыныш пен құрмет — жүректің ең нәзік үні.

«Атамекен»

Орындайтын: 2 «Д» сыныбының оқушысы Жұмагелдиев Әділет

Би

Өнермен терең жүзіп, талаппен нық қадам — әр қимылдан көрінеді.

«Жұмыр қылыш» (күйіне қойылған би)

Орындайтын: 2 «А» сыныбының оқушылары Сабыржанова Жаннұр, Жүсіпбекова Дильназ

«Доп»

Орындайтын: 2 «Б» сыныбының оқушылары Саягүл Саттығұлова, Жұлдыз Бақытғалиева

Би

Орындайтын: 2 «Д» сыныбының оқушылары Жұмабекқызы Тұнық, Мейрамбекова Арай

Көркем сөз

Туған тілім — тірлігімнің айғағы. Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Өссе тілім — мен де бірге өсемін, өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

  • 2 «А» сыныбының оқушысы Кенжебаев Жалғасты
  • 2 «Б» сыныбының оқушысы Мұратова Майра — Өтебай Тұрманжанов «Туған жер»
  • Ермек Өтетілеуұлы «Отан»

Қорытынды бөлім

Ән

Домбыра — қазағымның қастерлі үні. Қошеметтеп қол соғыңыз!

«Домбырасыз ән қайда»

Орындайтын: 3 «А» сыныбының оқушысы Ғазизова Аружан

Билер

Әуен ырғағымен әлем билері — сахна сәні, көңілдің көркі.

Испан биі

Орындайтын: 4 «А» сыныбының оқушысы Мүсілімова Динара

Түрік биі

Орындайтын: 4 «Д» сыныбының бишілері — Хайрлиева Райгүл, Сисенбаева Дана

Әділқазылар сөзі және марапаттау

Кім өнерлі — осы кеште үміт алда. Қобалжу бар, жүректе күдік барда. Әділқазы алқасы, атыңды ақта — жұлдыздарға арман мен бақыт жолда.

Мұндай жиын күнде бола бермейді. Біз күн сайын өсіп, өркендеп, өзгереміз. Ұл-қызының бақыты үшін ғұмыр кешкен қадірлі қонақтар мен әділқазыларға сөз беріледі.

Марапаттау рәсімі

Қорытынды

Көңілдің ақ тілегін жолдаймыз. Тілектер орындалып, мерекеміз нұрлана берсін!

Баршаңызға аппақ алғыс айтамыз. Осылайша, байқауымыз өз мәресіне жетті.

Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет! Жолыққанша күн жақсы, ел аман болсын!