Оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыру
6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша орта мерзімді жұмыс жоспары
Бұл жоспар 6-сынып оқушыларына қазақ тілін жүйелі меңгертуді көздейді және оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған.
Негізгі мәліметтер
- Пән
- Қазақ тілі
- Сынып
- 6
- Сағат саны
- 102 сағат (аптасына 3 сағат)
- Жазба жұмыстары
- 12
Оқулық және нормативтік негіз
Оқулық: Қазақ тілі, 6-сынып. Г. Т. Тұрсынова, А. А. Қасымбек. Алматы: «Арман–ПВ», 2011.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 9 шілдедегі №367 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) талаптарына сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған қазақ тілі оқу бағдарламасы негізінде жасалды.
Түсіндірме хат
Тіл — кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі. Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты — ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінетін, әдеби тіл нормаларын меңгерген, сөйлесім әрекеті мен қарым-қатынастық біліктілігі қалыптасқан, ұлтымыздың рухани мұраларын қастерлейтін тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Бағдарламаның жүйесі
Бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартына» сай түзілді.
Оқыту міндеттері
Танымдық бағыт
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру.
- Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру.
- Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
- Мәтін арқылы танымдық қызығушылықты арттыру.
- Мәтіннің тілдік және танымдық қызметін, дүниетанымдық және тәрбиелік құндылығын түсіндіру.
Практикалық бағыт
- Әдеби тіл нормаларына сай дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
- Тілдік жағдаяттарға сәйкес тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрету.
- Тілдік сауаттылықты арттыру және шығармашылық қабілеттерді дамыту.
- Сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.
- Тілдік-эстетикалық талғамды қалыптастыру.
- Сөйлеу мәдениеті талаптарына сай тілдік құзыреттерді дамыту.
Күтілетін оқу нәтижелері (6-сынып)
6-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығын аяқтағаннан кейін оқушылар төмендегі білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс:
- Сөзжасамның және морфологияның жалпы тіл жүйесіндегі орнын түсініп, лингвистикалық дүниетанымын кеңейту.
- Морфологиялық білімді ауызша және жазбаша сөйлеуде орынды қолдануға дағдылану.
- Түбір мен қосымшалардың фонетикалық, лексикалық және морфологиялық заңдылықтарға сүйене отырып байланысатынын ұғыну.
- Сөз таптарының әрқайсысына морфологиялық тұрғыдан сипаттама бере білу.