Ақтау тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Президент – ел тірегі»

Бұл материал Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, «Балбөбек» балабақшасының І санатты ересектер тобына арналған. Оқу іс-әрекетін жүргізуші: тәрбиеші Шукирбаева Гүлжан Аманқосовна.

Білім беру салалары

  • Қатынас
  • Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті

  • Тіл дамыту
  • Көркем әдебиет

Мақсаты

  • Елбасымыздың туған жері, өмір жолы және қызмет еткен кезеңдері туралы мағлұмат беру.
  • Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
  • Балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық кезең: «Шаттық шеңбері»

Отаным менің кең-байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы.
Ел-Отанымыз кең-байтақ,
Отанның біздер баласы.

Тәрбиеші балаларға бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінің ерекше өтетінін айтады: бүгін — мереке, Президент күні. Сабақ барысында балалар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Ізденіс-ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы: «Президент – ел тірегі». Кіріспе ретінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіледі.

Тосын сәт: Томпақтың келуі

Томпақ: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым — Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.»

Тәрбиеші: «Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды. Бүгін бізде мереке — Президент күні.»

Томпақ: «Мерекелеріңіз құтты болсын!»

Үш топтың таныстырылымы

1-топ: «Астана»

Елорда

Астана — Қазақстан Республикасының бас қаласы. Мұнда Бәйтерек, Президенттік мәдениет орталығы, резиденция және «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан.

2-топ: «Алматы»

Мәдениет

Алматы — Қазақстанның ең көрікті қалаларының бірі. Мұнда Медеу мұз айдыны, Көктөбе кешені, көптеген театрлар мен мұражайлар, сондай-ақ апорт алмасы бар.

3-топ: «Ақтау»

Каспий

Ақтау — Қазақстанның ең жас әрі әсем қалаларының бірі. Мұнда Жантөрин атындағы драма театры, кинотеатрлар, ойын-сауық кешендері және Каспий теңізі бар.

Томпақтың сұрақтары

Сұрақ: «Отандарың қалай аталады?»

Жауап: «Біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасы.»

Сұрақ: «Президенттерің кім және ол туралы не білесіңдер?»

Жауап: «Қазақстан Республикасының президенті — Н. Ә. Назарбаев.»

Балалар оның Алматы облысында дүниеге келгенін, мектепте жақсы оқығанын және ұшқыш болуды армандағанын атап өтеді.

Балалардың тақпақтары

Камила

Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.

Аружан

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.

Назым

Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады.
Орындалып арманы,
Халқымыз ажарлы.
Осының бәрі, әрине,
Елбасының арқасы.

Мемлекеттік рәміздер

Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін атайды: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мемлекеттік Ту

1992 жылдың маусым айында бекітілді.
Автор: Ш. Ниязбеков.

Мемлекеттік Елтаңба

1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.
Авторлар: Мәлібаев және Уәлиханов.

Мемлекеттік Әнұран

Әні: Шәмші Қалдаяқов.
Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сергіту сәті

Балалар слайдтағы нұсқаулыққа қарап, «Қазақ жігіттері» әніне билеп, бой сергітеді.

Шығармашылық жұмыс: қонақкәде

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қонақты құр жібермей, Томпаққа естелік сый дайындау ұсынылады. Әр топ өз жұмысына кіріседі.

«Астана» тобы

Киіз үй макетін қазақтың ою-өрнектерімен әшекейлейді: алдымен керегесіне оюларды жапсырып, кейін есігін орналастырады.

«Алматы» тобы

Ақ қағаздың ортасына күнді бейнелеп, шуағына әртүрлі ұлт өкілдерінің суреттерін жапсырады.

«Ақтау» тобы

Трафарет пен губка көмегімен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қағаз бетіне түсіреді.

Томпаққа берілген сыйлықтар

  • Әнет: «Томпақ, саған естелікке қазақтың ағаш үйін сыйлаймыз.»
  • Аружан: «Біз Қазақстанда түрлі ұлт өкілдерімен тату-тәтті өмір сүретінімізді бейнеледік.»
  • Кәусар: «Біз саған қазақтың ою-өрнектерін сыйлаймыз.»

Томпақ: «Рахмет, балалар! Мен сыйлықтарыңды өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңдар!»

Қорытынды

Егемен ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін зор қуаныш әрі тарихтағы үлкен бетбұрыс. Сабақ соңында тәрбиеші бұл жетістіктерді ел дамуының маңызды кезеңдері ретінде атап өтеді.

Президент күніне арналған ашық оқу іс-әрекеті осылайша аяқталады.

Рефлексия

1-сұрақ

«Бүгін бізге қонаққа кім келді?»

2-сұрақ

«Томпақ бізге риза болды ма?»

3-сұрақ

«Томпаққа сыйлыққа не бердік?»

Балалар сұрақтарға жауап беріп, сабақта алған әсерлерін бөліседі.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Қазақстан Республикасының президентін таниды, өмір жолы туралы бастапқы түсінік қалыптастырады.

Игеруі

Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігі болады.

Білді

Ою-өрнектер арқылы макетті әшекейлеуді тәжірибе жүзінде орындады.