Жас маман деген кім
Мектепішілік байқау: «Заманауи жас маман»
Мақсаты
Жас ұстаздардың біліктілігін, кәсіби шеберлігін және жан-жақты қабілетін сынау; оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарап, бар күш-жігерін жұмсауға ынталандыру.
Байқау форматы
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде қатысушының кәсіби деңгейі, шығармашылық әлеуеті және коммуникациялық мәдениеті бағаланады. Уақыт тәртібі сақталады, ал бағалау әділқазы шешімімен жүргізіледі.
Байқау кезеңдері
Таныстыру сайысы
Қатысушы өзі туралы және қызмет атқаратын ұжымын қызықты әрі әсерлі түрде таныстырады. Форматы еркін: ән айту, өлең оқу немесе өз ізденісіне сай шығармашылық таныстыру қолдануға болады.
- Ұзақтығы
- 5 минуттан аспайды
- Негізгі екпін
- Коммуникация, өзін таныта білу
«Өнерлінің өрісі кең»
Мақсаты — қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауымен ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өнерін көрсетеді.
- Ұзақтығы
- 3–5 минут
- Негізгі екпін
- Шынайылық, образ, әсерлі орындау
«Білікті маман – ел тірегі»
Сұрақ-жауап және тапсырмалар арқылы қатысушының білім деңгейі, кәсіптік біліктілігі және ой-өрісі бағаланады.
Тапсырмалар
- Тест: пән бойынша 20 сұрақ, әдістеме бойынша 10 сұрақ
- Ситуациялық тапсырма: кәсіби жағдаятты талдау және шешім ұсыну
«Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы
Бұл — байқаудың негізгі кезеңі. Қатысушы мамандығының мәні мен қоғамдағы қажеттілігін дәйекті негіздермен дәлелдеп, кәсіби әлеуетін нақты үлгілер арқылы көрсетеді.
Үздік сабақ макеті
«Сабағым үздік болуы үшін не істеймін?» тақырыбында әдістемелік ұстанымын, құрылымын, тәсілдерін ұсынады.
Жетістіктер презентациясы
«Мамандығым – мақтанышым» бағытында жетістіктерін презентация арқылы таныстырады.
Қатысушылар
- Серікқанова Ж.
- Қайырова А.
- Барқышева С.
- Оразай А.
- Жеңісхан И.
- Мақажанов Д.
- Мұкажанова А.
- Төкежанов А.
- Каркенева Д.
Жүргізушілердің құттықтау сөзі
Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар! «Үздік жас маман» байқауына қош келдіңіздер!
Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалыптастыратын маман. Ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал сол ұрпақтың тағдыры білім мен ізгіліктің нұрын себетін ұстаздардың жүрегінде.
Ұстаз туралы шумақтар
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім бе?
Ұстаз дастанын парақтасаң,
Жанымды толтырады бір мұңға.
Ұстаз — ақыл-ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Кейінгіге хат болып жатталып қалған,
Ұстаз — күллі әлемнің нұры емес пе?
«Жас маман» ұғымы
Жас маман — жігерлі, алғыр, сұлу да сымбатты, мақсаткер, айтқанды екі етпейтін, мінезі жайсаң, арманшыл, насихатты тез қабылдайтын маман.
Әділқазы құрамы
Мектеп директоры
Абраимова Еркежан Муратқановна
Тәрбие жұмысының жетекшісі
Сембаева Ж. Ө.
Бастауыш сынып бойынша оқу ісі меңгерушісі
Ағланбекова Б. И.
Сайыс барысындағы бағалау өлшемдері
Таныстыру кезеңі
- Мазмұны
- Көрерменге әсері
- Орындау шеберлігі
- Эмоционалдық деңгейі
Өнер кезеңі
- Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурауы
Қорытынды тілек
Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сенімі — бүгінгі жас мамандардың бойындағы ізденіс пен жігерге үндес. Бұл байқау — сөзден гөрі істі алға шығаратын, жас ұстаздың кәсіби бағытын айқындайтын маңызды алаң.
Құрметті қауым, сынға түсіп отырған жас ұстаздарға қолдау білдіріп, қошемет көрсетейік. Қадамдарыңыз құтты, еңбек жолдарыңыз берекелі болсын!