Студенттердің ынтасын сабаққа аудару
Мұғалім туралы
Мен — Атырау қаласы, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің экономика пәні оқытушысы Кушербаева Самалгүл Акилбаевна.
Сабақ тақырыбы
Қатысты шама түрлерін есептеу
Білімділік мақсаты
Қатысты шамалардың түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты
Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын нақты жеткізе білуге, жан-жақты болуға, пәнге қызығушылығын арттыруға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Тақырыпқа байланысты өз бетімен іздену арқылы логикалық ойлау қабілетін, ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақ форматы
Сабақтың типі
Зертханалық-тәжірибелік
Сабақтың түрі
Бақылау-есеп
Сабақтың әдістері
- Салыстыру
- Сұрақ-жауап
- Есептер шығару
- Өз бетімен жұмыс
Құралдар мен көрнекіліктер
- Презентациялар
- Мультимедиалық проектор
- Компьютер
- Слайдтар мен плакаттар
Пәнаралық байланыс
Экономика негіздері, бухгалтерлік есеп негіздері, микроэкономика.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
5 минут
- Студенттермен амандасу және қатысымды тексеру.
- Аудиторияның тазалығын бақылау.
- Студенттердің назарын сабаққа аудару.
- Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
25 минут
Студенттер статистикалық бақылау және статистикалық топтастыру тақырыптары бойынша өздері дайындаған презентацияларын қорғайды.
Миға шабуыл сұрақтары
- 1.Оперативті есеп немесе оперативті-техникалық есеп дегеніміз не?
- 2.Нақты шамалар дегеніміз не?
- 3.Статистикалық бақылау дегеніміз не?
- 4.Жай жинақтау дегеніміз не?
- 5.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
- 6.Статистика дегеніміз не?
- 7.Қатысты шамалар дегеніміз не?
- 8.Статистикалық топтау әдісі неше түрге бөлінеді?
- 9.Күрделі жинақтау дегеніміз не?
- 10.Бір үлгідегі топтау дегеніміз не?
3) Тақырыпты меңгерту және есеп шығару
35 минут
Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер сандық мәндеріне қарай нақты, қатысты және орташа шамалар болып бөлінеді. Соның ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы көрсеткіш ретінде қарастырылады.
Неліктен нақты шамалар маңызды?
Нақты көрсеткіштер арқылы кәсіпорындар мен шаруашылықтардың, мекемелер мен ұйымдардың, ұжымдардың және басқа да құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады.
Статистикалық нақты шамалар — қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын немесе деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.
Мысалдар
- Топтағы студенттер саны.
- Белгілі бір уақыт аралығында өндірілген өнім көлемі.
Практикалық бөлім
Студенттерге нұсқау карталары бойынша тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар қатысты шама түрлерін есептеуге бағытталады.
Сілтеме орнына файл/ресурс URL мекенжайын енгізіңіз.