Етістік бойынша сұрақтар

Астана қаласы, №35 мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі: Коканова Гүлнар Сабешовна

Пән

Қазақ тілі

Сынып

4-сынып

Тақырып

Дара және күрделі сан есім

Мақсаты

  • Сан есім бойынша алған білімді жинақтау, бекіту және қорыту; талдау түрлерін қайталау.
  • Тапқырлық пен ізденімпаздыққа жетелеу, тіл байлығын дамыту.
  • Әдемі әрі көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Дәйексөзді оқу және талқылау.
«Ана тілін білмейінше, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес».
Ж. Аймауытов

II. «Сен маған, мен саған»

Өткен тақырыптар бойынша білімді тиянақтау. Топтар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

I топ

  • Зат есімге қатысты сұрақтарға жауап беру.
  • «Жолдас» сөзін септеу.

II топ

  • Етістікке қатысты сұрақтарға жауап беру.
  • «Айт», «біл» етістіктерін үш шақта айту.

III топ

  • Сын есімге қатысты сұрақтарға жауап беру.
  • «Биші» сөзін жіктеу.

IV топ

  • Сан есімге қатысты сұрақтарға жауап беру.
  • «Күнделікті» сөзін тәуелдеу.

III. «Тапқырлар мен білгіштер»

Тақтамен жұмыс: мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына сан есімді тауып, жазу.

1) «Батыр ... өледі. Қорқақ ... өледі.»

Морфологиялық талдау

Бір — сан есім, дара, есептік.

2) «Білгенің ... тоғыз, білмегенің ... тоғыз.»

Фонетикалық талдау

  • «Тоғыз»: 5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын.
  • Т — қатаң, дауыссыз.
  • О — дауысты, жуан.
  • Ғ — ұяң, дауыссыз.
  • Ы — дауысты, жуан.
  • З — ұяң, дауыссыз.

3) «Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.»

Синтаксистік талдау

Сөйлем құрамындағы сан есімдердің қызметін анықтау.

4) «... теңгең болғанша, ... досың болсын.»

Сөз құрамына талдау

Мысал сөз: жүзіншімін.

IV. «Бас қатырғылар»

  1. Бірінші буыны сан есімнен басталатын адам аттарын ата.
  2. жалғыз, жалқы, дара, қос, егіз сөздері қай сан есімдермен синонимдес?
  3. Оңнан оқыса да, солдан оқыса да мағынасы бірдей болатын қай есім?
  4. «Бес ін, бес іннің аузы бір ін.» (Жауабы: қолғап)
  5. Қарғаның саны қанша?

    Жеті қарға жол жақта жүр, Екі қарға ар жақта жүр. Енді үшеуі қарқылдап отыр, Әншісініп жарқылдап отыр, Тағы алтауы талға қонып отыр, Енді алтауы жарға қонып отыр. Көп екен тіпті бұл қарға, Маңайда қанша жүр қарға?

    Жауабы: 24 қарға

V. Оқулықпен жұмыс

1-топ

468-жаттығу

2-топ

469-жаттығу

3-топ

470-жаттығу

4-топ

466-жаттығу

VI. «Кімнің қиялы ұшқыр?»

Сан есімдерді қатыстырып санамақ құрастыру.

Мысал

Бір дегенім — бірлік, Екі дегенім — ерлік, Үш дегенім — үздік...

VII. Сабақты қорыту

Сұрақ 1

Сан есім деген не?

Сұрақ 2

Есептік және реттік сан есімдерге мысал келтір.

Сұрақ 3

Қандай қасиетті сандарды білеміз?

VIII. Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, жауаптарының толықтығына және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.