Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Ақтөбе облысы • Темір ауданы • Кеңқияқ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Қарасаева Мәншүк Кәрімқызы

«Тіл білгірлері» — оқушылардың тілдік қабілетін, ой ұшқырлығын және танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған зияткерлік сайыс.

Сабақтың мақсаты

Дарынды оқушыны қолдау

Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары оқушылардың қабілетін ашу және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Тілге қызығушылықты арттыру

Ана тіліне сүйіспеншілікті күшейтіп, сөз мәдениетін, сауатты әрі мәнерлі сөйлеуді қалыптастыру.

Тұлғалық құндылықтарды дамыту

Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Ұйымшылдық пен ойлау қабілеті

Дүниетанымды кеңейтіп, білімпаздыққа, шапшаңдыққа және топпен жұмыс істеуге баулу.

Сайыстың барысы

Кіріспе сөз

Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі «Тіл білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ұрпағың мақтануға болса лайық —
Біз мақтанайық, жар салайық.
Сайысқа қатысатын оқушыларды —
Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

Бағдарлама

  1. 1 Бәйге
  2. 2 Тіл — өнер
  3. 3 Шешендік өнер
  4. 4 Полиглот
  5. 5 Тұлғаны танисың ба?
  6. 6 Тездет, бірақ қателеспе
  7. 7 Қорытынды

1-кезең: «Бәйге»

Бұл бөлімде қатысушылар қысқа әрі нақты сұрақтарға жылдам жауап береді. Мақсат — білімді, зеректікті және тілдік сауаттылықты тексеру.

Ұстаным

Ұшқыр ой • Жылдам жауап

Сұрақтар (1–10)

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады?
  2. «Таза бұлақ» әңгімесінің авторы кім?
  3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері қандай?
  4. Абайдың шын аты кім?
  5. Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады?
  6. Жұрнақ қандай қосымша?
  7. «Жарық — қараңғы», «ыстық — суық» қандай сөздер?
  8. Шоқанның бірге оқыған досы кім?
  9. Екі ақынның өлең жарысы қалай аталады?
  10. Фариза туралы өлең жазған ақын кім?

Сұрақтар (11–20)

  1. «Сәулелі жұлдыз» іздеген кім?
  2. Мәтін деген не?
  3. Заттың қимылын білдіретін сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?
  4. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  5. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?
  6. «Қайда?», «Қалай?», «Қашан?» — қай сөз табының сұрақтары?
  7. Барыс септігінің сұрақтары қандай?
  8. Түбір деген не?
  9. Абайдың әжесінің аты кім?
  10. «Абай жолы» романының авторы кім?

Жедел тапсырма

Берілген сөздерге сәйкестендіріп, мақал-мәтелдердің толық нұсқасын айту.

Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, кезеңдер бойынша толықтырып қолдануға болады.

Толық нұсқасын жүктеу