Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта, Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар

Мұқағали Мақатаев

Бәрі де үнсіз.
Үнсіз аспан, үнсіз жер,
Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл.
Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Үнсіз кеуде...
Үнсіз жүрек дүрсілдер.
Бәрі де үнсіз...
Бәрінде бір сұрақ бар,
Үнсіз ауыл.
Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар.
Неге үнсіз?!
He көрінген бұл маңға?
Үнсіз күзде үнсіз тірлік тынған ба?
... Бір машина үнсіз аңыз үстімен,
Үнсіз заулап бара жатыр қырманға...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Мұқағали Мақатаев жайында
Атамекен
Семей полигонының инфрақұрылымы
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Қарғын. Дулат Исабеков
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Семейдегі атом полигоны
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Қорықтар Аймағы
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
Қадырғали Жалайыри зираты
Орман шетінде домаланып бара жатқан кірпіні аш қасқыр бас салады
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен
Қарға ұшып жүргенде жерде жорғалап бара жатқан құртты көріп, тұмсығымен тістеп алып ұшып кетті
Ерте заманда бір қойшы бір байдың есігінде жиырма жыл қой бағыпты
Батып бара жатқанды құтқару кезіндегі алғашқы көмек батып бара жатқанға оның байқалғандығы және көмек көрсетілетіндігі хабарланады
Мынаны жыланға арқалап алып барайын
Хан атынан Бөгенбай, Қабанбай батырларға тапсырма алып баратын еді дейді көнекөздер
Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі