Бағдаршам Жаңа сабақ

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Теңдік ауылы

КММ «Теңдік орта мектебі»

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер (5-сынып)

Мұғалім: Жапенова Гульмира Жикеновна

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Сақ тайпалары: тұрмысы, шаруашылығы

Мақсаты

Сақ қоғамындағы басқару ісін, қоғамдық құрылыс ерекшелігін және сақтардың тәуелсіздігі үшін жүргізген соғыстары кезіндегі басты тарихи тұлғаларды (Тұмар патшайым, Шырақ) олардың ерліктері арқылы түсіндіру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдісі

Интерактивті әдістер

Пәнаралық байланыс

География

Көрнекіліктер

  • Карта
  • Сақтардың жаугершілігін бейнелейтін суреттер
  • Сақтардың саяси тарихына қатысты хронологиялық кесте

Сабақтың барысы

Бағалау тәсілі: «Бағдаршам»

  1. 1) Ұйымдастыру

    Тренинг, топқа бөлу

    Тренинг: «Ержүрек батырлар»

    Қолға садақ аламыз, қорамсаға қол саламыз. Көздеп тұрып жамбыны, жебені тартып қаламыз. Туған жерімізді қорғауға семсер, қанжар, найза, қылыш, айбалта, шоқпар аламыз.

    Ел қорғаны, ел мақтанышы — қаһарман, қайсар, алғыр, тапқыр, адал, ержүрек батыр боламыз!

    Топқа бөлу

    «Алғырлар» «Тапқырлар»
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    Қысқа тексеру тапсырмалары

    Тапсырмалар

    • 3 тест сұрағын құрастыру
    • 2 «жұқа» және 2 «қалың» сұрақ дайындау

    Иә/Жоқ кестесі

    Әлкей Хақанұлы Марғұлан — «Күміс тостаған»

    Иә
    Жоқ

    Бағалау: «Бағдаршам»

  3. 3) Жаңа сабақ

    1–2 кезең

    1-кезең: Кластер құрастыру

    Тақырып 1

    Сақ тайпалары

    Тақырып 2

    Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

    Бағалау: «Бағдаршам»

    2-кезең: Аңыз-әңгіме арқылы талдау

    Тұлға

    Тұмар патшайым

    Есімдерге қатысты оқиғаларды әңгімелеу, негізгі идеяны анықтау.

    Тұлға

    Шырақ жауынгер

    Ерлік, ел қорғау, тарихи дерек пен аңыздың байланысын талқылау.

    Негізгі есімдер мен тарихи контекст

    Тұмар Спаргапис Кир Шырақ I Дарий А. Македонский

    Бағалау: «Бағдаршам»

  4. 4) Сергіту сәті

    Қысқа сергіту, ой қозғау

    Тапсырма

    «Отан» деген сөзді жазу (ойды жинақтау және көңіл-күйді көтеру).

    Сұрақтар

    • Тұмар мен Шырақтың ерлігі сендерге қалай әсер етті?
    • «Отанды сүю» ұғымын қалай түсінесіңдер?
    • Бейбіт заманда да елін, жерін қорғауға бағытталған ерлік істер жасала ма?
  5. 5) Жеке жұмыс

    Тәжірибелік тапсырмалар

    Оқушы орындайтын жұмыстар

    • Сызбаны толтыру
    • Қазақстанның кескін картасына сақ тайпалары орналасқан аумақтарды белгілеу
    • Сәйкес ұғымдарды табу
    • Өзіңді тексеру тапсырмасы
    • Тірек сұрақтарға сүйеніп, логикалық ой тізбегін құрастыру
    • «Алтын киімді адам» туралы мәлімет беру

    Бағалау: «Бағдаршам»

    Нәтиже

    Оқушылар сақ тайпаларының қоныстану аймақтарын картадан көрсете алады, тұрмысы мен шаруашылығын сипаттайды, ал тарихи тұлғалардың ерлігін Отанға қызмет ету ұғымымен байланыстырып түсіндіреді.

  6. 6) Бекіту

    Қорытындылау

    Негізгі ұғымдар мен оқиғаларды қайталау: сақ қоғамының құрылымы, шаруашылық түрлері, Тұмар мен Шырақтың ерлігі, сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.

  7. 7) Кері байланыс (рефлексия)

    Ой түю

    Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша айтып, бүгінгі білімнің маңызды тұстарын белгілейді.

  8. 8) Бағалау

    Қалыптастырушы бағалау

    Сабақ бойы әр кезең бойынша «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағаланады.

  9. 9) Үй тапсырмасы

    Келесі сабаққа дайындық

    Тақырып бойынша қайталау, негізгі ұғымдарды есте сақтау және «Алтын киімді адам» туралы деректерді толықтыру.

Қосымша материалдар