Баласын ата

Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары және төлдері

Мақсаты

  • Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.
  • Төлдерін бір-бірінен ажырата білуге және зейін қойып тыңдауға үйрету.
  • Сұрақ-жауап арқылы балалардың ой-өрісін, тілін және зейінін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

көрсету түсіндіру сұрақ-жауап ойын әдісі көрнекілік әдіс СТО элементтері куббизм әдісі

Көрнекілік

  • Үй жануарларының суреттері: қой, сиыр, ешкі, жылқы
  • Жануарлар дыбыстары
  • Презентация
  • Теледидар

Оқу іс-әрекетінің барысы

Қос тілдік компонент (билингвальный компонент)

Үй жануарлары — домашние животные.

Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі

Балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, оқу іс-әрекетін бастау үшін оларды орындарынан тұрғызып, шаттық шеңберіне жинаймыз.

Шаттық шеңбері (қазақша)

Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Күліп шыққан күнге. Деніміз сау болсын! Аспанымыз ашық болсын!

Шаттық шеңбері (орысша)

Спасибо скажем мы не раз Всему живому вокруг нас! Как хорошо на свете жить! Как хорошо уметь дружить!

Балалар, барлық қонақтармен амандасайық: «Сәлеметсіз бе?», «Здравствуйте?», «Hello!»

Сабаққа дайынбыз ба? Көңіл-күйіміз қалай? Ендеше, орнымызға отырайық.

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Қонаққа мерекелік сыйлық қорапшасымен Дара келеді. Ол өзімен бірге тапсырмалар әкеледі.

Балалар, бұл қорапта не бар екенін білгілерің келе ме? (Хотите узнать, что в этой коробке?)

Ендеше, Дараның тапсырмаларын орындайық. (Тогда давайте выполним ее задания.)

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Тапсырмаларды бастамас бұрын, балаларға қысқа жазба немесе белгі көрсетіледі. Содан кейін әңгіме сұрақ-жауап арқылы өрбиді.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Біз бүгін не туралы сөйлесеміз?
  • Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?
  • Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?
  • Ал қоян, қасқыр, аюды неге жабайы аңдар дейміз?
  • Үй жануарларын және олардың төлдерін атап көрейік.

Өте жақсы! Дұрыс жауап бердіңдер. Енді Дараның тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Ендеше, бастайық!

Тапсырмалар

1

Дауысынан таны! (Узнай по голосу)

Балаларға бірнеше үй жануарының дауыстары тыңдатылады. Олар дыбысты тыңдай отырып, қай жануар екенін анықтайды.

2

Анасын тап! (Найди маму)

Таратылған материал арқылы шашылған суреттерді реттеп, әр жануарды өз төлімен дұрыс сәйкестендіреді.

Сергіту сәті

Балалар бейнежазба арқылы қимыл-қозғалыс жасап, сергіп алады.

Жеке жұмыс

1–2 бала тақтаға шығып, үй жануарларын көрсетіп, атын айтады.

3

Артығын тап! (Найди лишнее)

Балаларға 4 түрлі зат бейнеленген суреттер көрсетіледі. Олар ойланып, артық затты тауып, оны неге артық екенін түсіндіреді және топтастырады.

4

Баласын ата! (Назови детеныша)

Куббизм әдісі бойынша, әр қырында үй жануары бейнеленген кубик лақтырылады. Қай жануар түссе, балалар сол жануардың төлін (баласын) атайды.

Қорытынды идея

Бұл оқу іс-әрекеті балаларға үй жануарларын танып-білуге, олардың төлдерін ажыратуға, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ойын элементтері мен көрнекіліктер сабақтың қызықты әрі есте қаларлық өтуіне көмектеседі.