Тұңғыш қазақ ғарышкері кімдер
Сабақтың тақырыбы: «Білім нәрі — кітапта»
Кітап — адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинаған, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ең құнды қазыналардың бірі. Адам баласы мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап білім алады, кейін жоғары оқу орнында оны тереңдетеді. Сол білімге жетелейтін ең қажетті құралдың бірі — кітап.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға өз ойын көпшілік алдында еркін жеткізе білуге және сахнада өзін ұстау мәдениетін үйрету.
Дамытушылық мақсаты
- Оқушылардың ойлау қабілетін және тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
- Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру және кітап оқуға ынталандыру.
Сабақ туралы мәлімет
- Түрі:
- Дәстүрлі
- Көрнекілігі:
- Кітап туралы даналық сөздер мен мақал-мәтелдер, слайдтар
Жүргізуші сөзі
Адам баласы дүние есігін ашқаннан кейін өсіп, мектеп табалдырығын аттап, білім алады. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарында білімін шыңдай түседі. Сол білімді алуға қажет ең маңызды құралдардың бірі — кітап.
Кітап адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. «Біз бір уыс күл-топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады» — деп кітапқа ерекше баға берген қазақ жазушысы Айбек.
Сабақ жоспары
- 1 Таныстыру (І топ — «Кітапқұмарлар», ІІ топ — «Кітапсүйерлер»).
- 2 «Сөздің көркі — мақал» мақал-мәтел жарысы.
- 3 «Өлең — сөздің патшасы» мәнерлеп оқу (туған ел, тіл, кітап туралы өлеңдерді жатқа айту).
- 4 «Ойлан тап» жұмбақ жарысы.
- 5 Көрініс: «Кітаптар мұңы» (әр топ кітап туралы қойылым көрсетеді).
- 6 «Кім жылдам» викториналық сұрақтар (екі топ басшылары қатысады).
Мәнерлеп оқуға арналған өлеңдер
«Ана тілі»
Ш. Сариев
Әлдиінен қадірлі сөз бола ма,
Ананың ақ сүтінің қарызы мол.
Өз тіліңді үйрету өз балаңа —
Ананың алдындағы парызы ол!
Кінә артады күні ертең бала кімге,
Ұрпағыңның алдында ұяттысың:
Бір ауыз сөз білмесе ана тілде,
Өз балаңа шетелдік сияқтысың.
Ұмытылып қалардай өз анаң да,
Ана тілді ұмыту — масқара бұл!
Еске ұста, атынан сөз аларда,
Ана тілден құрылған астана бұл.
Республика болғанмын ана тілмен,
Ана тілмен жазылған алтын заңым.
Халқым берген осы екі қанатыммен
Тәуелсіз елдермен жарқылдадым!
«Кітап»
Оразақын Асқар
Қырандай томағасы алынбаған,
Етеді жабық кезің жанымды алаң.
Сыйлықтар қатарында өзің тұрсың,
Өзгесін сенен бұрын қабылдаман.
Ашылған екі бетің — жайған қанат...
«Ойлан тап» жұмбақ жарысы
Төмендегі жұмбақтарды топ болып шешіп, жауаптарын талқылаңыздар.
- 1. Сырты ескіргенмен, іші ескірмеген.
- 2. Жаңа ғана қаланды — балалар ағып барады.
- 3. Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді.
- 4. Бес жанды бір жансызға мінгескен, айналып ақ тақырдан із кескен.
- 5. Бір атадан туыпты 29 баласы. Бірлігінде — бұлардың ешкімнің жоқ таласы. Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
- 6. Ат мініп қара-ала аяқ қаздақтатып, жүргенде жол салады сабандатып.
- 7. Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан, ішінен су шығады мың сан батпан. Сол құдық сондай-ақ көп болса дағы, бетіне бетегесі шығып жатқан.
- 8. Келеді сапар тартып алуан жолдан, тамаша қызығы көп түспес қолдан. Қызығын оқысаңыз тамашалап, қаласың хабарласып барлық жайдан.
- 9. Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық. Қарасаң басқан ізі қисық-қисық. Өзі жансыз, жандының күшіменен борайды ат үстінде желдей есіп.
- 10. Жер көрдім қаласы бар, үйлері жоқ мекендейтін. Көл көрдім, өзен көрдім — сулары жоқ тереңдейтін.
Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Әр топ оқушылары кітаптың қадірін, оған ұқыптылықпен қараудың маңызын ашатын қысқа қойылым ұсынады.
«Кім жылдам» викториналық сұрақтар
Екі топтың басшылары төмендегі сұрақтарға жылдам жауап береді.
- 1. Сен кітапханадан қандай кітап алып оқыдың? Ол несімен қызықтырды?
- 2. Сен кітапханаға барасың ба?
- 3. Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?
- 4. Біздің ауданымызда қандай газеттер шығады?
- 5. Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесің?
- 6. Тұңғыш қазақ ғарышкерлері кімдер?
- 7. Республика күні қашан?
- 8. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той қалай аталады?
- 9. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары кімдер?
- 10. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
Қорытынды ой
«Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі.» (М. О. Әуезов)