Сөздер мен сөз тіркестері

Сабақ туралы

Пән

Қазақ тілі (7-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Ғаламтор құрамының элементтері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Көрнекілігі

Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • «Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру.
  • Оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына ерекше көңіл бөлу.
  • Жүйелі сөйлеуге және тақырыпты бірізді баяндауға үйрету.

Дамытушылық

  • Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін дамыту.
  • Ой-өрісін және есте сақтау қабілетін жетілдіру.
  • Жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік

  • Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Әңгімелесу Тіл дамыту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Жаңа түсінікті қалыптастыру

1) Кіріспе сөз

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіріп, ғаламтордың құрамына кіретін элементтердің қызметін талқылау.

2) Жазылым (3-тапсырма)

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазыңдар. Мәтінді әңгімелеңдер.

Журнал – сіз... Интернетте жасаған саяхатыңыз... барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer сіздің Интернет... жасаған әрбір қадамыңыз... өз бетімен тіркеп отырады. Сіздің кіріп- шыққан веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар журнал қалтасы... сақталып тұрады.

3) Тірек сызба бойынша жұмыс

Тірек сызбаны пайдаланып, шағын әңгіме құрастырыңдар (тақырыпты жүйелі баяндауға назар аударыңдар).

IV. Жаңа сабақты бекіту

Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің орысша аудармаларын анықтаңдар.

Сөздер мен сөз тіркестері Аудармалары
байланыс жасау связываться
телефон желісі телефонная связь
көмек помощь
басқару управлять
айтуға болады можно сказать

V. Сабақты қорыту

Сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңдар.
  • Электронды поштаның қызметі қандай?
  • Браузер деген не?
  • Журнал қандай мүмкіндік беретін жүйе?
  • Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді атаңдар.

VI. Үй тапсырмасы

245-бет, 4-тапсырма — мазмұндау.
Үйде орындау

VII. Бағалау және рефлексия

Оқушылардың жұмысы тапсырмаларға қатысуы мен жауаптарының толықтығына қарай бағаланады. Сабақ соңында қысқа рефлексия жүргізіледі.

Білдім

Қандай жаңа ұғымдарды меңгердің?

Қиын болды

Қай бөлімде қиналдың?

Келесі қадам

Нені қайталау керек?

Ескерту

Қажет болса, сабақ жоспарының толық нұсқасын қарап шығыңдар.