Ілік септік

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуын меңгерту.
  • Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: мәтінмен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру, жазбаша және ауызша сөйлеуді дамыту.

Ұйымдастыру деректері

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте.
  • Түрі: дәстүрлі.
  • Типі: аралас.

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • «Сен — маған, мен — саған» әдісі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Тіп-түзу боп тұрайық.

1-қатар — жай отыр.
2-қатар — сен де отыр.
3-қатар — тез отыр.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге: 4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Шығыс септіктегі сөздерді тауып, қосымшасын белгіле.

  • Жағымсыз қылықтан сақтану — әдептіліктің белгісі.
  • Мағжанға анасы туған күніне доп сыйлады.
  • Аппақ қар жамылған далада қызыл түлкі зытып жүр.
  • Баладан мін табылса, ата-анаға сын тағылады.

III. Жаңа сабақ

1) Сөзжұмбақ

  1. 1. Көмір
  2. 2. Өшіргіш
  3. 3. Мектеп
  4. 4. Ереже
  5. 5. Көмек
  6. 6. Терезе
  7. 7. Етік
  8. 8. Сағат

Шыққан сөз: Көмектес

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — көмектес септік.

Көмектес септік

Жалғаулары
-мен, -бен, -пен
Сұрақтары
кіммен? немен?

Еске түсіру

Зат есім жеті септікке бөлінеді: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес. Сұрақтары мен жалғауларын шатастырмай, ретімен қолдану маңызды.

Септіктер кестесі

Септіктің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік кім? не?
Ілік септік кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс септік кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыс септік кімде? неде? -да, -де, -та, -те
Шығыс септік кімнен? неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес септік кіммен? немен? -мен, -бен, -пен

IV. Оқулықпен жұмыс

Мұғалім: «Мынау не, балалар?» (сандық). «Сиқырлы сандыққа ұқсайды екен. Оның ішінде не бар екенін білу үшін тапсырмаларды орындайық».

1-жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.

  • Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе?
  • Үлкен адамдармен әрқашан «сіз» деп сөйлес.
  • Әміре халық әндерін үлкен сезіммен орындайды.
  • Әсет басқа ақындармен айтысқанда, өзінің білімділігін байқатты.

«Тапсырманы орындадық — енді сандықты ашайық». (сандық ашылады)

V. Пысықтау тапсырмалары

1) Ертегі тыңдау: «Жетіген»

Қысқаша мәлімет

Жетіген — шертіп ойнайтын, жеті ішегі бар көне музыкалық аспап. Тиектің орнына асық пайдаланылған. XX ғасырда фольклортанушы Болат Сарыбаев көне деректерге сүйеніп, жетігенді қайта қалпына келтірді. Ертеде жыраулар бұл аспаптың әуені аңға шыққанда немесе алыс сапарға аттанарда сәттілік әкеледі деп сенген.

Ертеде Зат есімнің елінде Септік деген қария өмір сүріпті. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы жұт келіп, қария ұлдарынан айырылып қалады. Әр ұлы қайтыс болған сайын ол бір ішектен тағып, жоқтау айтып, әр септіктің сұрағын қайталай береді:

  • Атау: «Кім? Не?»
  • Ілік: «Кімнің? Ненің?»
  • Барыс: «Кімге? Неге?»
  • Табыс: «Кімді? Нені?»
  • Жатыс: «Кімде? Неде?»
  • Шығыс: «Кімнен? Неден?»
  • Көмектес: «Кіммен? Немен?»

Сөйтіп, жеті ішек пен жеті тиек тағылып, Жетіген аспабы пайда болыпты.

«Жетіген» сөзін септеу

  • Не? — Жетіген
  • Ненің? — Жетігеннің
  • Неге? — Жетігенге
  • Нені? — Жетігенді
  • Неде? — Жетігенде
  • Неден? — Жетігеннен
  • Немен? — Жетігенмен

2) 2-жаттығу

Жұмбақтарды оқы. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қой.

  • Желмен ұшып жетеді, Желмен ұшып кетеді. (Қаңбақ)
  • Таңмен көзін ашады, Әлемге көзін ашады. (Күн)

3) 3-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Көмектес септіктегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.

  • Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген.
  • Әжесі Гауһармен музейге барды.
  • Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр.
  • Ғани Әсетпен шахмат ойнады.
  • Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделді.

VI. Сергіту сәті

Алақанды ұрайық,
Білегімізді бұрайық.
Сілкіп-сілкіп алайық,
Оң қолымызды созайық.
Сол қолымызды созайық,
Екеуін бірге қосып ап,
Алақанды ұрайық.

5-жаттығу

Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзді тіркестіріп жаз. Мысалы: кітаппен жазу.

VII. Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ шешу арқылы ілік, барыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауларын табамыз. Нәтижесінде Н. Ә. Назарбаевтың ұраны шығады:

Тек қана алға, Қазақстан!

VIII. Қорытындылау

Оқушылардың жұмысы қорытындыланып, белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.

IX. Үй тапсырмасы

4-жаттығу: тапсырманы орындап келу.

X. Бағалау

Оқушылардың білім деңгейі, қатысуы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.