Өткен сабақтардан алған білім
Сынып сағаты • 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім – тірегім
Бұл сынып сағаты оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, тәуелсіздік ұғымын тереңірек түсіндіруге және өздігінен іздену дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқыту мақсаттары
- Оқушыларды Отанын сүюге, елін және жерін қорғауға тәрбиелеу.
- «Отан», «Тәуелсіздік», «Әнұран» туралы кеңірек түсінік қалыптастыру.
- Оқушылардың өз бетінше ізденуін қолдау және білімін жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың бәрі:
- сөйлемдерді оқиды;
- мазмұнын түсінеді;
- бағалауға қатысады.
Оқушылардың көпшілігі:
- тақырыпты болжайды;
- өлеңді мәнерлеп оқиды.
Кейбір оқушылар:
- тәуелсіздік туралы қосымша мәлімет келтіреді;
- батыр ағаларымыз бен апаларымыздың өмірінен мысалдар айтады.
Алдыңғы білім
«Менің тұңғыш Президентім» тақырыбы бойынша білімдері еске түсіріледі.
Бағалау
Жетістік критерийлері бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Сабақ жоспары
Ұзақтығы: 40 минут
Сабақтың басы
5 минутҚызығушылықты ояту
- Сыныпты ұйымдастыру, қалыпқа келтіру.
«Ой сергек» (сәлемдесу)
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бас иеміз біз.
Топқа бөлу
Оқушылар 3 топқа бөлінеді: Отан, Тәуелсіздік, Әнұран.
Сабақтың ортасы
30 минутМағынаны ажырату • Ой қозғау
Әр топ өз атауына байланысты ойларын ортаға салып, қысқаша таныстырып қорғайды.
Тақырыпты болжау
Тақтаға «адасқан сөздер» ілінеді. Оқушылар сөздерді дұрыс орналастырып, сабақтың тақырыбын табады: «Тәуелсіз елім – тірегім».
Сабақ мақсатымен таныстыру
Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, мақсатқа сай жетістік критерийлерін анықтайды.
Сөздік жұмысы: «Әріптерді сөйлету»
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Тәуелсіздік» сөзінің әр әрпі арқылы құндылықтар талданады.
Т — теңдікті білдіреді.
Ә — әдептілік пен әлдікті.
У — уайымсыз уақытты.
Е — егемендік пен елдікті.
Л — «лағып, лепірме» дейді.
С — сенімділікті.
І — ілтипатты білдіреді.
З — зиялылыққа жетелейді.
Д — достыққа шақырады.
І — ізеттілікке баулиды.
К — көктегі күндей жарқырауға үндейді.
Осылайша, «Тәуелсіздік» ұғымының мағынасы құндылықтар арқылы ашылады.
Сайыс кезеңдері
- Мақал-мәтел айту
- Бәйге
- Тіл — өнер
- Жеті жұмбақ
Жетістік критерийлері
- мақал-мәтелді орынды айта алу;
- сұрақтарға нақты жауап беру;
- үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сөйлей алу;
- 7 пән бойынша сұрақтарға жауап беру.
Бағалау: жетістік критерийлері бойынша.
Ой толғаныс • Жеке жұмыс
Бағалау: қол соғу арқылыТақырып: «Мен Тәуелсіздік ұғымын қалай түсіндім?»
Оқушылар қысқаша эссе жазады.
Сабақтың соңы
5 минутҮй тапсырмасы
Елбасына арнап өлең шығару.
Кері байланыс (ауызша)
Оқушылар жетістік критерийлерін еске түсіріп, бүгінгі сабақ мақсатына жеткен-жетпегені туралы ой бөліседі.
Рефлексиялық шеңбер сұрақтары
- Сабақ барысындағы көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар болды?
- Сабақ соңындағы көңіл күйіңіз қандай? Неліктен?
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
- Білім беру ұйымы
- Береке орта мектебі КММ
- Мұғалімнің аты-жөні
- Ж. Е. Әлжанова