Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен таныстыру

Сабақтың тақырыбы

Қосындыны санға бөлу

Түрі

Аралас сабақ

Әдістері

СТО, сұрақ-жауап, түсіндіру, өздігінен жұмыс

Көрнекіліктері

Кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілдерімен таныстыру, кестелік көбейту мен бөлуді бекіту.

2) Дамытушылық мақсат

Стратегиялар арқылы оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлауын, математикалық тілін және пәнге қызығушылығын арттыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Бір-бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдауға дағдыландыру; ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа ынталандыру.

Психологиялық сәт (мәтін)

Балалар, терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн қандай тамаша — жарқын күн!

Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды.

Келіңдер, күннен өтінейік: ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн! Мен сені сүйемін.

Мен сенен сұраймын: бер маған жарқын күн, бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн — денсаулық, ізгілік!

Топқа бөлу: «Зейінділік» ойыны

Оқушылар берілген жазбалардан белгілі бір әріптен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастап, жасырын сөзді табады.

1-тапсырма

ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк

Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып таста. Қандай сөз шықты?

Жауабы: еңбек

2-тапсырма

ОИтАЫІӘлАЭЮЫЕПОЫӘО

А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып таста. Қандай сөз шықты?

Жауабы: талап

3-тапсырма

ОИБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ

І әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып таста. Қандай сөз шықты?

Жауабы: білім

I топ

Еңбек

II топ

Талап

III топ

Білім

II

Ой қозғау: тірек білімді белсендіру

Ауызша есептеу арқылы өткен материалды еске түсіру.

  1. 1) 10 мен 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. 80
  2. 2) 56 санын 7 есе кеміт. 8
  3. 3) Қандай санды 4 есе арттырса, 24 шығады? 6
  4. 4) 40 пен 8-дің бөліндісінің мәні неге тең? 5
  5. 5) 36 саны 3-тен неше есе артық? 12
  6. 6) 9 саны 36-дан нешеге кем? 27
  7. 7) 16 мен 7-нің қосындысын 7-ге арттыр. 30
III

Жаңа материалды меңгеру

Қосындыны санға бөлудің мәнін салыстыру арқылы түсіндіру.

Салыстыру

(6 + 9) : 3

және

6 : 3 + 9 : 3

Нәтижесінде өрнектердің сол жағы да, оң жағы да тең болады. Демек, өрнек тең.

1-тәсіл

Әр қосылғышты бөлеміз де, шыққан нәтижелерді қосамыз:

6 : 3 + 9 : 3 = 2 + 3 = 5

2-тәсіл

Алдымен қосындының мәнін табамыз, содан кейін бөлеміз:

(6 + 9) : 3 = 15 : 3 = 5

Қорытынды ереже

Қосындыны санға бөлу үшін: әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға болады немесе қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.

IV

Бекіту

Екі тәсілді қолданып есептер шығару.

1) Бөлу қалай орындалған?

Жоғарыда көрсетілген екі тәсілмен түсіндір:

2-тәсіл

(10 + 6) : 2 = 16 : 2 = 8

1-тәсіл

(10 + 6) : 2 = 10 : 2 + 6 : 2 = 5 + 3 = 8

2) Топтық жұмыс

Әр топ берілген өрнектердің мәнін екі тәсілмен табады:

  • (14 + 16) : 2
  • (25 + 15) : 5
  • (36 + 18) : 6
  • (24 + 12) : 4
  • (40 + 16) : 8
  • (21 + 9) : 3

3) Оқулықпен жұмыс: №6 — салыстыр

Әр жұп өрнектің мәндерін салыстырып, дұрыс белгі қой:

(18 + 14) : 2

*

18 : 2 + 14 : 2

45 : 5 + 20 : 5

*

(45 + 20) : 5

V

Сергіту сәті

«Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы.

VI

Математикалық диктант

Өрнектерді жазып, мәндерін тап:

  1. 1) 75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр.
  2. 2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт.
  3. 3) 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт.
  4. 4) 420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр.

Тексеру: әр қатардан бір оқушы оқиды, нәтижелері бірлесіп тексеріледі.