Жанкүйерлермен сайыс
Кіріктірілген сыныптан тыс жұмыс: «Зияткер – 2013»
Бұл іс-шара химия, биология және валеология пәндерін кіріктіре отырып өткізілетін зияткерлік ойын ретінде жоспарланған. Сайысқа МК–105, БК–110, КТ–110 топтары қатысады.
Мақсаты
Студенттердің жаратылыстану пәндеріне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру және дамыту, І курс барысында игерген білімдерін бекіту.
Өткізу формасы
Зияткерлік ойын.
Ұзақтығы
50–55 минут.
Жабдықталуы
Слайд материалдары және үлестірмелі материалдар.
Сайыс ұстанымы
Бүгінгі сайыстың ұстанымы: «Ақыл – жастан, асыл – тастан». Қатысушылар ақылдың жастан екенін өз өнерімен дәлелдейді деп сенеміз. Ал «асыл – тастан» қағидасы команда атауларын таңдауға негіз болды: асыл тастар — бір жағынан химиялық құрамы мен құрылысы ерекше заттар, екінші жағынан, миллиондаған жылдар бұрын белгілі бір өсімдік немесе жануар ағзасының ізі ретінде қалыптасқан табиғи құбылыс.
Қатысушы командалар
КТ–110 — «Маржан»
Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы
Болашақ қазақ тілі мамандары. Ата-бабамыз сөз маржанын терген деп бекер айтпаған — сондықтан бұл команда «Маржан» деп аталады.
Капитаны
Қуаныш Таңшолпан
Мүшелері
- Арзығұл Аякөз
- Назарбаева Ақтолқын
- Оразбаева Әлия
БК–110 — «Інжу»
Бастауыш білім беру мамандығы
Білімнің негізі бастауышта қаланады. Бүлдіршіндер — пәктік пен тазалықтың белгісі, ал сол тазалықтың символы — інжу. Сондықтан команда атауы «Інжу».
Капитаны
Мұханбетова Ақжан
Мүшелері
- Ешаманова Арайлым
- Мамбетжан Назгүл
- Нағи Гүлнұр
МК–105 — «Гауһар»
Математика мұғалімі мамандығы
Математика — ғылымдардың патшасы. Патшаға лайық асыл тас ретінде гауһар алынды, сондықтан команда атауы «Гауһар».
Капитаны
Мұхамбетжан Маржан
Мүшелері
- Сейтагзамова Асем
- Көбелдес Айтолқын
- Нажмадинова Назерке
Қазылар алқасы
- Бибігүл Хайруллақызы — әдістемелік бөлімнің әдіскері.
- Ботакөз Құнанбайқызы — жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД пәндер бірлестігінің жетекшісі.
- Әдемі Аманкешқызы — химия пәнінің оқытушысы.
Жанкүйерлерге де қош келдіңіздер! Баршаңызға сәттілік тілейміз — сайыс басталсын! Гонг
Жұмыс жоспары
- 1№1 сайыс — «Қуып жет!»
- 2№2 сайыс — «Бес мүмкіндік»
- 3№3 сайыс — «Жарнама»
- 4Жанкүйерлермен ойын
- 5№4 сайыс — «Сурет құрастыр»
- 6№5 сайыс — «Капитандар сайысы»
- 7№6 сайыс — «Ертегіші»
- 8Жанкүйерлермен сайыс
- 9№7 сайыс — «Бұл не?»
- 10№8 сайыс — «Сен маған, мен саған»
Сыныптан тыс жұмыс барысы
Кіріспе: шығуға арналған музыка ойналады.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен студенттер! Бүгін химия, биология және валеология пәндері бойынша кіріктірілген «Зияткер – 2013» сайысымызды бастаймыз. Мақсатымыз — студенттердің пәндерге қызығушылығын арттырып, І курс бойынша алған білімдерін бекіту.
№1 сайыс: «Қуып жет!»
Ереже
1 минут ішінде әр командаға химия, биология және валеология пәндерінен сұрақтар қойылады. Команда мүмкіндігінше көп сұраққа жауап беруі тиіс.
- Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- Жауап болмаса, жүргізуші «Әрі қарай!» деп келесі сұраққа өтеді.
1-командаға арналған сұрақтар
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Ең көп таралған спирт | Этил спирті |
| 2 | Су жасушадағы химиялық реакцияларға түсе ме? | Иә |
| 3 | Өзіне тән иісі бар зат | Бензол |
| 4 | Өсімдіктердің жасушалық қабырғасы неден тұрады? | Целлюлоза |
| 5 | Валеология ғылымының зерттеу нысаны | Дені сау адам |
| 6 | Крахмалды түзетін моносахарид қалдықтары | α-глюкоза |
| 7 | Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал | Спирометр |
| 8 | Рибосоманың құрамына қандай заттар кіреді? | рРНҚ, ақуыздар |
| 9 | Калий перманганаты мен бром суын түссіздендіретін көмірсутектер | Қанықпаған көмірсутектер |
| 10 | Қандай элементтің жетіспеушілігі қалқанша безі ауруын тудырады? | Йод |
| 11 | Құрамында гидроксил (–OH) топтары бар органикалық заттар | Спирттер |
| 12 | Карбон қышқылы мен спирт арасында жүретін реакция | Этерификация (эфирлену) |
| 13 | Асқазанда болатын қышқыл | Тұз қышқылы |
| 14 | Дене белсенділігінің азаю құбылысы | Гиподинамия |
| 15 | Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын жасаған ғалым | А. М. Бутлеров |
| 16 | Адам мен жануарларда фагоцитозға бейім жасушалар | Лейкоциттер |
| 17 | Судың қатты агрегаттық күйі | Мұз |
| 18 | Тәуліктік тамақтану рационын есептеп қолдану теориясы | Каризе теориясы |
| 19 | Жасушаның қатты заттарды қорытуы | Фагоцитоз |
| 20 | Дененің қалыпты массасы дегеніміз не? | Дене массасы мен бойының пропорциясы |
| 21 | Тыңайтқышты дұрыс қолданбағанда көкөністерде жиналатын зиянды заттар | Нитраттар |
| 22 | Атауы мал кәсібіне байланысты айтылатын құс | Жылқышы |
2-командаға арналған сұрақтар
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Глицерин мен жоғары карбон қышқылдарының күрделі эфирлері | Майлар |
| 2 | Тұқымқуалаушылық туралы ғылым | Генетика |
| 3 | Спирттер атауына жалғанатын жұрнақ | -ол |
| 4 | Температураны өлшейтін құрал | Термометр |
| 5 | Қан қысымының артуы тағамға нені көп қолданғанда байқалады? | Ас тұзын |
| 6 | Сахароза қандай моносахаридтерден түзіледі? | α-глюкоза мен фруктоза |
| 7 | «Жыныстық дәрумен» | E дәрумені |
| 8 | Бұрын шыныдан айна алу реакциясы қандай металмен байланысты болған? | Күміс |
| 9 | Ең кішкентай құс | Колибри |
| 10 | Йод көп болатын орамжапырақ | Теңіз орамжапырағы |
| 11 | Қандай элементтің жетіспеушілігі анемия (қаназдық) тудырады? | Темір |
| 12 | Құстар неліктен оңтүстікке ұшады: тоңғандықтан ба, әлде аштықтан ба? | Аштықтан |
| 13 | Сұйық күйдегі жалғыз металл | Сынап |
| 14 | Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар | Изомерлер |
| 15 | Ресейге картопты әкелген патша | І Петр |
| 16 | Биологиялық катализатор | Фермент |
| 17 | Қанқыз — шағатын жәндік пе? | Жоқ |
| 18 | Зерттеулер жүргізуге арнайы жабдықталған бөлме | Зертхана |
| 19 | Ересек адамда неше тіс болады? | 32 |
| 20 | Гиппопотамды тағы қалай атайды? | Бегемот |
| 21 | Бразилияда «ағаштың көз жасы» деп аталатын зат | Каучук |
| 22 | Қандай жәндіктер аяқтарымен естиді? | Шегірткелер |