Қызықты математика зергерлік сайысына қош келдіңіздер
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, №240 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі (коммуналдық мемлекеттік мекеме).
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Оралсын Кемелханқызы.
Тақырып
Қызықты математика
Мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін-өзі бақылауға және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Қазақстанның болашағына сенімін нығайту және білімнің әрқашан құнды екенін түсінуге тәрбиелеу.
Әдісі
Сұрақ–жауап
Түрі
Зергерлік сайыс
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Барысы
I. Кіріспе
Жүргізуші сөзі
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім — білім бе?!
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және 2-сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Сайысқа 2-сынып оқушылары үш топқа бөлініп қатысады. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Сайысқа қатысатын топтар
- 1 Дарын тобы
- 2 Жалын тобы
- 3 Сұңқар тобы
Сайыс шарттары
- 1-айналым — «Бәйге»: әр топқа 5 сұрақ қойылады. 5 сұрақтың бәрі дұрыс болса — 5 бұрыш, 4 сұрақ — 4 бұрыш, 3 сұрақ — 3 бұрыш.
- 2-айналым — «Көкпар»: әр топқа екі үй беріледі. Үйдің әйнектерінде уақыт өлшемі мен массаға қатысты тапсырмалар болады. Дұрыс орнатылған әр әйнек үшін — 1 ұпай.
- 3-айналым — «Жорға»: логикалық қызықты есептер беріледі. Шешуі мен жауабын табу қажет.
- Қосымша ойын — «Ханталапай»: ұлттық ойын арқылы есептер шығару.
II. Негізгі бөлім
1-айналым: Бәйге
Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Барлық 5 сұраққа дұрыс жауап берсе — 5 бұрыш, 4 сұрақ — 4 бұрыш, 3 сұрақ — 3 бұрыш беріледі.
Дарын тобы
- 1 дм-де неше см бар? (10 см)
- 100 см-де неше м бар? (1 м)
- Уақыт және оның бірліктерін ата. (секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр)
- 1 сағ + 18 мин — неше минут? (78 минут)
- 1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)
Жалын тобы
- 1 метрде неше дм бар? (10 дм)
- Азайтуды қай амалмен тексереді? (қосу амалы)
- Ұзындық және оның бірліктерін ата. (сантиметр, метр, дециметр, километр)
- 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
- 1000 граммда неше килограмм бар? (1 килограмм)
Сұңқар тобы
- 1 км-де неше метр бар? (1000 метр)
- 1 минутта неше секунд бар? (60 секунд)
- Масса және оның бірліктерін ата. (грамм, килограмм, центнер, тонна)
- 1 тоннада неше килограмм бар? (1000 кг)
- 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
2-айналым: Көкпар
Әр топқа екі үй беріледі. Үй әйнектерінде уақыт өлшемі мен массаға қатысты тапсырмалар берілген. Әр дұрыс орнатылған әйнек — 1 ұпай.
Дарын тобы
- 4 мин= 240 с
- 3 тәулік= 72 сағ
- 1 ғасыр= 100 жыл
- 1 тәулік= 24 сағ
Жалын тобы
- 2 мин= 120 секунд
- 2 сағ= 120 минут
- 2 тәулік= 48 сағ
- 3 ғасыр= 300 жыл
Сұңқар тобы
- 2 м= 200 см
- 5 м= 500 см
- 7 дм= 70 см
- 2 дм= 20 см
3-айналым: Жорға
Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу қажет. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
Дарын тобы
- Аюда 9 кг бал болды. Бірнеше кг бал жегеннен кейін 4 кг бал қалды. Аю неше кг бал жеді? (5 кг)
- Арайдың туған күніне 10 сыйлық берілді. 6 сыйлық ашылды. Неше ашылмаған сыйлық қалды? (4 сыйлық)
- Жанар 2 кг құлпынай жинады, ал Майра одан 3 кг артық жинады. Майра неше кг құлпынай жинады? (5 кг)
Жалын тобы
- Бауыржан 6 сурет салды. 3 суретін досына сыйлады. Бауыржанда неше сурет қалды? (3 сурет)
- Дүкенге 7 кг жеміс әкелінді: 3 кг — алма, қалғаны — алмұрт. Неше кг алмұрт әкелінді? (4 кг)
- Тігінші 5 қызыл көйлек және одан 3-ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша көк көйлек тікті? (8 көк көйлек)
Сұңқар тобы
- Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығарды. Баян неше есеп шығарды? (5 есеп)
- Дәрігер бірінші күні 7 бала қабылдады, ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Екінші күні қанша бала қабылдады? (10 бала)
- Пошташыда 8 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін 3 журнал қалды. Пошташы қанша журнал таратты? (5 журнал)
4) «Ханталапай» ойыны
«Ханталапай» — қазақтың ұлттық ойыны. Бүгін осы ойынды ойнай отырып, қызықты есептердің шешімін табамыз.
Ойын шарты: дорба ішінде нөмірлер жазылған 30 асық болады. 1-топтың оқушысы бір асық алады. Қай нөмір түссе, сол нөмірлі есепті алып, орнына отырып шығарады. Содан кейін 2-топ, одан соң 3-топ оқушысы кезекпен жалғастырады. Бір есеп аяқталған соң сол топтан келесі оқушы шығып, келесі асықты алады. Ойын асық таусылғанша жалғасады. Қорытындысы — қай топ көп асық жинағанына байланысты шығарылады.
Есептер (100-ге толықтыру және өрнектер)
Қорытынды
Енді бүгінгі сабақ бойынша қай топ көп фишка (ұпай) жинағанына қарай жеңімпаз топ анықталады.