Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару

Маңғыстау облысы • Жаңаөзен қаласы

№21 орта мектеп • Бастауыш сынып мұғалімі: Сағызбаева Татти

Сабақтың тақырыбы

Өрнек: 10 – a

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, плакаттар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қосу кестесіне сүйене отырып, азайтудың сәйкес жағдайларын қолдану арқылы 10 – a өрнегінің мәндерін табуға үйрету. Есептеу дағдыларын қалыптастыру және есеп шығару білігін жетілдіру.

Дамытушылық

Пайымдау жүргізу, талдау жасау және қорытынды шығару біліктерін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, байқағыштыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріліп, зейіні сабаққа аударылады. Қонақтар келгенін ескертіп, балаларды ынталандыру арқылы сабақтың жағымды атмосферасы қалыптастырылады.

Психологиялық дайындық

Математика керек әр күнге,

Математика керек әркімге.

Есеп қажет өмірде,

Есепсіз білім — білім бе?!

Сабақ ережелері

  1. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.
  2. Дәл әрі нақты жауап береміз.
  3. Тапқырлық пен шапшаңдық танытамыз.
  4. Белсене қатысып, жақсы баға алуға ұмтыламыз.

Ынталандыру шумағы

Біз білімді баламыз,

Күнде бестік аламыз.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Бір керек емес, екі керек емес, үш керек емес, төрт — орташа, бес — тамаша!

II. Қызығушылықты ояту

«Кім тапқыр?» ойыны арқылы оқушылардың зейіні шоғырландырылады және жылдам есептеу дағдылары белсендіріледі.

Тапсырма: салыстыр

Жұп 1

5×4 10×8

Жұп 2

9×4 0×10

Жұп 3

7×3 7×0

Оқушылардан «қайсысы үлкен/кіші/тең?» екенін дәлелдеуі сұралады.

III. Өткенді пысықтау

Әңгімелесу сұрақтары

  • 1. Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем.)
  • 2. Көктемде адамдар қандай жұмыстар жасайды? (Ағаш, гүл көшеттерін отырғызады.)

«Көшет отырғызу» тапсырмасы

Біз де көшет отырғызғандай болып, ағаштың тапсырмаларын орындайық.

  1. 5 пен 4 санының қосындысы нешеге тең?
  2. 8 бен 4 санының айырмасы нешеге тең?
  3. 7 санының көршілерін ата.
  4. 10 санынан бастап кері сана.
  5. Қояндар — 5, мысықтар — 3. Қайсысы аз?

Оқушылар тапсырмаларды орындап, негізгі ұғымдарды еске түсіреді: қосынды, айырма, көрші сандар, кері санау және салыстыру.

IV. Жаңа сабақ

Негізгі ұғымдар

Өтіп жатқан тақырып

Әріпті өрнек

Өрнектердің түрлері

Санды өрнек, әріпті өрнек

Бүгінгі өрнек

10 – a

Бүгін әріпті өрнектерді азайту тақырыбын жалғастырамыз. Мақсат — әріптің орнына әртүрлі сандарды қойып, өрнекті санды өрнекке айналдыру, мәнін табу және нәтижені тез есептеуге дағдылану.

Өрнектегі амал

10 – a өрнегінде азайту амалы қолданылады.

Азайтудың компоненттері

  • Азайғыш: 10
  • Азайтқыш: a (белгісіз сан)
  • Айырма: 10 – a өрнегінің мәні

Тәжірибелік қорытынды

a әрпінің орнына сан қойсақ, әріпті өрнек санды өрнекке айналады. Содан кейін азайту амалын орындап, мәнін табамыз.