Айналым бекеті әдісі арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Сауат ашу

Тақырыбы

Ш дыбысы мен әрпі

Сабақ түрі

Дәстүрден тыс сабақ

Мақсаты

  • Ш/ш дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі «ш» дыбысының ерекшелігін меңгерту.
  • «Ш» дыбысы бар сөздерді оқыту және жаздыру.
  • Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын және шығармашылық қабілетін дамыту.
  • «Ш» дыбысы бар сөздерге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрау арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.
  • Ұғымталдыққа тәрбиелеу және жазуға қолды жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже

Білім

  • Ш/ш дыбысы мен әрпімен танысады.
  • Айту барысында «ш» дыбысының дауыссыз екенін дәлелдей алады.

Дағды

  • Берілген сөздерді оқиды және жаза алады.
  • Шығармашылық қабілеті дамиды.

Әдістер мен тәсілдер

Дәстүрден тыс сәлемдесу Топтастыру Айналым бекеті Сөздер банкісі Сұрақты қағып ал Миға шабуыл Формативті бағалау Рефлексия

Дереккөздер

  • Әдістемелік құралдар
  • Ғаламтор ресурстары

Қажетті құрал-жабдықтар

Материалдар

  • Кеспе әріптер
  • Суреттер
  • Буындар

Көрнекіліктер

  • Шана, шар, шаңырақ суреттері

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Дәстүрден тыс сәлемдесу.

Топтастыру

Оқушыларды жұлдызшалар арқылы топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Сұрақты қағып ал» әдісі.

Жетелеуші сұрақтар

  1. 1. Дыбыс дегеніміз не?
  2. 2. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. 3. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  4. 4. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

2) Мағынаны тану

Оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру арқылы жаңа дыбысқа өтуге дайындық жасалады.

3) Жаңа сабақты түсіндіру

Миға шабуыл

1-топ

Шыршалы орман суреті бойынша: «Ормандағы ағаштар қалай аталады?»

2-топ

Шанамен ойнап жүрген балалар суреті бойынша: «Бұл көлік қалай аталады?»

3-топ

Суда ұшып жүрген шағала суреті бойынша: «Бұл құс қалай аталады?»

Қорытынды сұрақ

Бұл сөздер қандай дыбыстан басталады? «Ш» дыбысынан.

«Ш» — дауыссыз дыбыс. Оқушылар «Ш» әрпінің баспа және жазба түрімен танысады.

«Айналым бекеті» әдісі

1-бекет

Берілген суреттерді атап, сөздерді буынға бөлу.

2-бекет

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

3-бекет

Кеспе әріптерден сөздер құрау.

Оқушылар жұмысы қорытындыланып, формативті бағаланады.

Сергіту сәті

Әуен арқылы қимыл-қозғалыс жасау («Қара жорға» биі).

Әліппе дәптермен жұмыс

Дәптерде Ш әрпін жазу. Буын және сөздер: ша, аша, шана, шар.

4) Ой толғаныс (топтық жұмыс)

1-топ

Әріптердің ішінен «Ш» дыбысын тауып, қоршау.

2-топ

Сөздерге сәйкес суреттерді тауып, сызық арқылы қосу.

3-топ

Сөздерді қайталап жазу (бормен еденге): шар, шана, аша, шаш, шара.

Бағалау

Оқушылар «күлегештер» арқылы бағаланады, топ ішінде бірін-бірі бағалау жүргізіледі.

Сабақты қорытындылау

«Сөздер банкісі» әдісі

Әр топқа кеспе әріптер таратылады. Оқушылар өтілген әріптерді тауып, «сөздер банкісіне» салады.

Әр топ шыршалар арқылы формативті бағаланады.

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?
  • Қандай жұмыс түрі көбірек ұнады?
  • Сабақта қандай әрекет жасау қызықты болды?
  • Бүгін қандай дыбыс пен әріпті үйрендік? Ш дыбысы мен әрпі.