Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Ағылшын тілі • 6-сынып
«Happy English» арнайы курс бағдарламасы
Оқу жүктемесі: 34 сағат
Бұл түсінік хат «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру идеясын қолдайды. Қазақстан әлемге халқы үш тілді қатар қолданатын мәдениеті жоғары ел ретінде танылуы тиіс. Үш тілдің орны айқын: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі.
Түсінік хат: үштілді білім берудің өзектілігі
Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін бағдарлауына жол ашатын, әлемдік ғылым жетістіктерін игеруге, қабілетін танытуға мүмкіндік беретін бүгінгі күннің маңызды қажеттілігі.
Үштілді оқытудағы негізгі тұғыр қазақ тілі болуы тиіс. Мемлекеттік тіл — қазақстандықтарды біріктіретін басты факторлардың бірі, сондықтан оны дамытуға тұрақты әрі жүйелі күш жұмсау қажет.
Білім беру кеңістігіндегі тілдердің қолданылуы
- Қазақстанда қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде де, пән ретінде де қолданылады.
- Неміс, корей, француз, қытай тілдері негізінен пән ретінде оқытылады.
- Қазақ тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері көбіне интеграцияланған (біріккен) сабақтар арқылы енгізіледі.
Интеграция: пәндер байланысын нәтижеге бағыттау
Интеграция — пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақты іске асыру. Ол тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылым салаларын біріктіреді, бір сабақта бірнеше оқу пәнінің мақсаттарын тоғыстыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім тәжірибесінде интеграцияны жүзеге асырудың тиімді жолдарының бірі — бір мұғалімнің жетекшілігімен бірнеше пән бойынша біріккен сабақ өткізу. Бұл тәсіл әртүрлі пәндерден алынған білімді синтездеуге, оқушының түсінуін тереңдетуге ықпал етеді.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Негізгі мақсат
Оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамыту.
Оқыту нәтижесіне бағытталған міндеттер
- Үш тілде еркін сөйлеуді дамытуда оқыту технологияларын тиімді қолдану.
- Қазақ тілінен бөлек, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеуге қажетті тілдік құзыреттерді қалыптастыру.
- Үш тілде қарым-қатынас жасауға үйрету, жалпы тілдік мәдениетті қалыптастыру.
- Әр оқушының тілдік қабілетін толық ашуға жағдай жасау.
Оқу дербестігін дамыту міндеттері
- Өз бетінше белсенді тіл үйрену дағдысын арттыру.
- Сөздік қорды молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерді орынды қолдану.
- Үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға және оқып айтуға дағдыландыру.
- Тәрбиелік және танымдық мазмұнды жүйелі жүзеге асыру.
Қолданылатын әдістер мен технологиялар
Мұғалімге қойылатын әдістемелік талаптар
- Оқытудан күтілетін нәтижені алдын ала жобалау.
- Оқушылардың білім сапасының ағымдағы жағдайын диагностикалау.
- Оқыту үлгілерінің жиынтығын меңгеру және нақты жағдайға сай ең ұтымдысын таңдау.
- Білім мазмұнын сұрыптау; құралдарды, формаларды, әдістерді екшеу.
- Тиімді нәтижеге жету үшін оқытуды кезең-кезеңімен ұйымдастыру.
Проблемалық оқыту
Дамыта оқытудың бір түрі. Белсенді таным әрекетін ынталандырып, зерттеушілік ойлау стилін қалыптастырады. Мұғалім проблемалық жағдаят ұйымдастырып, оқушылардың оны өз бетінше шешуін бағыттайды.
Модульдік оқыту
Әлемдік және отандық тәжірибеде танылған технология. Оқушы модуль бойынша оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу әрекеттерін меңгеру үшін тапсырмалардың бірнеше деңгейін таңдауға мүмкіндік алады. Өз жұмысын жоспарлап, қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі.
Ойын технологиялары
Өмірлік жағдаяттарды модельдеу арқылы жүзеге асады. Іскерлік, рөлдік, оқиғалық, саяхаттық, дидактикалық ойындар оқушының қызығушылығын арттырып, тілдік қатысымды табиғи ортаға жақындатады.
Жиі қолданылатын тиімді технологиялар
Проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, модульдік оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, ойын технологиясы, коммуникативтік технология және басқа да тәсілдер.
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы
Қарым-қатынастық және танымдық тақырыптар
- Достық
- Салт-дәстүрлер
- «Жер-Ана жыламасын» (экология)
- Мамандық
- Ақпарат көздері
- Қазақстанның халықаралық жағдайы
Тілдік бөлімдер
Лексика
- Қанатты сөздер
- Тұрақты сөз тіркестері
- Сөз мағыналары: синоним, омоним, антоним
- Мақал-мәтелдер
Морфология
- Сөз таптары
- Зат есім: жұрнақтар, түрленуі, сөйлемдегі қызметі
- Сын есім: шырайлары, сөйлемдегі қызметі
- Сан есім: түрлері, сөйлемдегі қызметі
- Есімдік: мағыналық түрлері, сөйлемдегі қызметі
- Етістік: болымсыз түрі, есімше, көсемше, етіс, шақ, рай, сөйлемдегі қызметі
- Үстеу
- Шылау
Синтаксис
- Сөйлем: айтылу мақсатына қарай түрлері
- Сөйлем мүшелері
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (34 сағат)
Календарно-тематическое планирование • Subject planning of lessons
I. Достық / Дружба / Friendship
- Friendship
- More friends
- Good – bad
- Friendship is a great feeling
- Revision
II. Салт-дәстүрлер / Традиции / Traditions and customs
- Traditions
- Customs
- To be
- Astana, Kazakhstan
- Revision
III. Білім / Образование / Education
- Aliya, Alua
- Big – small
- Bigger, smaller, more interesting
- Biggest, smallest, most interesting
- Revision
IV. «Жер-Ана жыламасын» / Экология / Ecology
- One, two, three
- One, two, three
- My, your, her, his, its
- Our, your, hers, his
- Revision
V. Мамандық / Профессия / Profession
- I, you, he, she, it
- Can
- Cannot
- -ing
- Revision
VI. Ақпарат көздері / Средства массовой информации / Means of mass media
- Seasons
- Verbs
- Nouns and verbs
- Adverb
- Revision
VII. Халықаралық қарым-қатынас / Международные отношения / International affairs
- On, in, under
- Sentence
- Body
- Revision
Автор туралы
Садырова Аягөз Өтегенқызы
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.