Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Қазақстан тарихы (6-сынып)

Бұл сабақта оқушылар Қазақстанның жаңа тас дәуірі — неолит кезеңіндегі қоғамдағы өзгерістерді, дәуір жаңалықтарын және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде анықталған тұрақтарды талдайды.

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан жаңа тас дәуірінде (неолит)

Оқыту форматы

  • Оқыту технологиясы: ұжымдық оқыту
  • Сабақтың типі: жаңа сабақ
  • Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты

Жаңа тас дәуіріндегі қоғамдағы өзгерістерді, дәуірдің негізгі жаңалықтарын және археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған тұрақтарды түсіндіру арқылы оқушылардың білімін жетілдіру.

Сабақтың міндеттері

1) Диалогтік оқыту және топтық жұмыс

Сыныпты топтарға бөліп, диалогтік оқытуды дамыту. Тақырыптағы құндылықтарды анықтап, мағынасын ашу арқылы мазмұнды меңгерту. Жаңаша тәсілдер арқылы есте сақтау, ойлау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту, өздігінен жұмыс істеуге үйрету.

2) Сыни тұрғыдан ойлау

Сыни ойлау арқылы түйінді ойды нақты айтуға, өз пікірін дәлелдеуге және негіздеуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік бағыт

Ұлтжандылыққа, адамгершілік құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

«Тарих әлемі» «Кубизм» СТО «Мен саған, сен маған» Топтық жұмыстар Кесте толтыру

Құралдар, көрнекіліктер және байланыс

Қажетті құралдар

  • А1 форматты қағаз
  • Интерактивті тақта
  • Компьютер

Көрнекіліктер

  • Мәтіндік тапсырмалар
  • Қазақстан Республикасының картасы

Пәнаралық байланыс

География

Күтілетін нәтиже

  • Жаңа тақырыптың мазмұнын меңгереді.
  • Диалогтік қатынас орнатады.
  • Өзіндік бағалау жасап, өмірмен байланыстырады.
  • Талдау жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

  1. 1. Оқушыларды тас дәуірінің кезеңдері бойынша топтарға бөліп отырғызады.
  2. 2. Бағалау критерийлерімен таныстырады.
  3. 3. Әріптер арқылы ойын ұйымдастырады: әр әріптің артында сұрақ жасырылған, жауап таңдаған әріптен басталуы тиіс. Әр дұрыс жауап — 2 ұпай.
  4. 4. Сурет бойынша тірек сөздер жазуды ұсынады және сол тірек сөздермен жаңа тақырыпқа сай әңгіме құратқызады.
  5. 5. Мәтінмен жұмыс кезінде топқа бір ортақ идея ұсынуды, талқылап, түйінді ойды қағазға түсіруді тапсырады.
  6. 6. «Сұрақ-доп» әдісін жүргізеді: мұғалім бір оқушыға сұрақ қойып, доп лақтырады; әрі қарай 1-топтан 2-топқа, 2-топтан 3-топқа сұрақ қою арқылы жалғасады.
  7. 7. Топ басшылары бағалау парақшасына ұпайларды белгілеп отырады, қорытынды ұпай бойынша бағаланады.

Талқылауға арналған негізгі сұрақтар

1) Неолит кезеңінде адамдар тас құрал жасауда ең жоғары сатыға жеткенін немен дәлелдей аласыңдар?

2) Неолит дәуірінде адамдардың шаруашылығы мен кәсібінде қандай жаңалықтар болды?

3) Адамдардың қоғамдағы рөлінің арта түскенін дәлелдеңдер.

4) Тұрақтарды зерттеудегі қандай жаңалықтарды атай аласыңдар?

«Кубизм» тапсырмасы (бағыттаушы сұрақтар)

  • Суреттеңіз: нені байқадыңыз?
  • Салыстырыңыз: ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  • Байланыстырыңыз: бұл туралы ойыңызды көз алдыңызға елестетіп көріңіз.
  • Талдаңыз: неден жасалған, не үшін қолданылған?
  • Қолданыңыз: мұнымен не жасауға болады?
  • Дәлелдеңіз: неге дәл солай ойлайсыз?