Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары
Мақсаты
- Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту.
- Еңбексүйгіштікке баулу.
- Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
- Ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа бейімдеу.
Көрнекілігі
Ескерту
Сахна сыртында «Сары ала күз...» атты өлең оқылады. Одан кейін фанфар естіледі.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Қайырлы күн, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде өтетін «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер! Берекелі де мерекелі алтын күз құтты болсын!
Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз — жазира даланың дархан дастарханы. Күз — байлық пен молшылық.
Өлең жолдары
Қош келдіңіз, көрермен, күзгі балдың кешіне.
Отырыңыз қол соғып, шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке, астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке — алтын күзді тойлаймыз!
Қатысушы сыныптар
- 8 «А» сыныбы Қатысушы топ
- 8 «Б» сыныбы Қатысушы топ
- 9 «А» сыныбы Қатысушы топ
- 9 «Б» сыныбы Қатысушы топ
- 10 «А» сыныбы Қатысушы топ
Әділқазылар алқасы
Күз мейрамы құтты болсын баршаға! Күздің сәні ортамызға келіп қонды. Ендігі кезекте әділқазылар алқасымен танысамыз:
- Аты-жөні: ____________________
- Аты-жөні: ____________________
- Аты-жөні: ____________________
Сайыс ережелері мен бөлімдері
Әр бөлімнен кейін әділқазылар баға қойып отырады. Ендеше, сайыс бөлімдерімен танысайық:
-
1
Кел, танысайық
Таныстыру: музыка, плакат, эмблема арқылы.
-
2
Өнерлі өрендер
Ән, би, күй және басқа да өнер көрсетілімдері.
-
3
Күз сыйы
Күзгі дақылдардан қолөнер бұйымдары мен экибана жасау.
-
4
Пародия
Әншіге, жарнамаға, киноға және т.б. пародия орындау.
-
5
Кел, күлейік
Қызықты көрініс көрсету.
-
6
Күз ханшайымы
Күзгі киім үлгісі, балдық би. Бұл бөлімде «Күз ханшайымы» арнайы марапатталады.
Сайыс барысы (жүргізуші мәтіні)
1) Таныстыру
Алғашқы бөлім — топтардың таныстыруы. Әр топ өздерін музыка ырғағымен таныстырады.
2) Өнерлі өрендер
Асыл тастан — өнер, жастан — дарын шығады.
Халық айтса, қалт айтпас — әрқашан да нанымды.
Өнерімен танысайық, тілекші боп көңілден!
Ортаға сайыскерлеріміз шығып, өнерлерін көрсетеді.
3) Күз сыйы
Қатысушылар күзгі дақылдардан жасалған қолөнер бұйымдары мен экибаналарын таныстырады. Қолдарынан іс келетін сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық!
4) Пародия
Келесі бөлім — пародия. Әншіге, жарнамаға, киноға және басқа да тақырыптарға әзіл-сықақ түрінде пародия ұсынылады.
5) Кел, күлейік
Ең көңілді бөлім — қызықты көрініс. Сайыскерлер ортаға шығып, шағын сахналық қойылымдарын ұсынады.
6) Күз ханшайымы
Арулар неткен сымбатты, ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күзге үн қатты сәнді киім үлгісімен!
Қатысушылар өздері әзірлеген күзгі киім үлгілерін көрсетіп, балдық би билейді. Бұл кезеңде «Күз ханшайымы» бөлек марапатталады.
Қорытынды және марапаттау
Жүргізушінің қорытынды сөзі
Білім — теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие — егіз дейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын өмір — күрес.
«Жеңбедім» деп те, «жеңілдім» деп те ренжімеңдер: қатысу да — бір жеңіс.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар. Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар!
Енді жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Әділқазылар қорытынды шығарып, жеңімпаздарды марапаттайды.
Кештің жабылуы
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіміз осымен тәмам. Жеңісті күндерде кездескенше, сау-саламат болыңыздар!