Оқушылар үстеуді меңгертуді түсіндіру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл жоспар 5-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағында «Көктемгі демалыс» тақырыбын меңгертуге бағытталған. Сабақ жаңа білімді түсіндірумен қатар, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуды және табиғатқа сүйіспеншілігін күшейтуді көздейді.

Пән/сынып

  • Пән:Қазақ тілі
  • Сынып:5
  • Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Әдістер және байланыс

  • Әдістері: сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну
  • Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қоршаған орта
  • Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға көктем тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгерту және оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдануға үйрету. Үстеу туралы түсінікті қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу әрекетін, тыңдау дағдысын және есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру, көктем құбылыстарын байқауға және құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру

Зат есім, сын есім, етістік тақырыптарын қайталау және бекіту.

Өткен тақырыпты қайталау

Сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.

Жаңа сабақты бастау

Мұғалім сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіреді. Негізгі әрекеттер:

  1. Көктем тақырыбы бойынша жаңа сөздермен жұмыс.
  2. Өлеңді оқу, мазмұнымен танысу.
  3. Диалог арқылы сөйлеу дағдысын дамыту.
  4. Ережені түсіндіру (үстеу).
  5. Жаттығулар орындау.
  6. Үй тапсырмасын беру.

Негізгі кезең: жаңа сөздер

Көктем тақырыбын түсіну үшін тірек сөздерді меңгереміз (қазақша — орысша аудармасымен).

мезгіл

время

былтыр

в прошлом году

биыл

в этом году

сай

овраг

еру

таять

сарқырау

грохотать

кешке

вечером

күндіз

днем

таңертең

утром

жазғытұрым

весной

шөп

трава

самал жел

ветерок

Тақырып: «Көктем»

1) Өлеңмен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтыңдар. Бұл қай кезде болады?

Қар еріп, Жапырақ ашып, Су көбейіп, Гүл, бәйшешек басады. Сай-салаға ағады. Бөбектерім, айтыңдаршы, Бүршік шашып, Бұл қай кезде болады? Ш. Ахметов

Сылдыр қағып ақ бұлақ, Жайраңдасып жас, кәрі, Күйге салып жатты бақ. Құстар келе бастады. Таудан аққан өзен де Гүрілдеді қаттырақ. Қыс киген ақ шапанды Көктем сөгіп тастады.

2) Бос орындарды толықтыру

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазып, сөйлемдерді жалғастырыңдар.

Көктем. Қар .... Күн .... Көктем .... Күн ..., түн .... Ағаштар .... Жылы жаққа ұшып кеткен құстар .... Мал көкке .... болды.

Керекті сөздер:

бүршік жарды еріді жайылатын жылынды болды қысқарды ұзарды

3) Жаңылтпаш

Жаңылтпашты тез айтуға жаттығыңдар.

1-нұсқа

Көк тырна, Көп тырна, Тыраулап тек Көп тұрма.

2-нұсқа

Бес түп алма — Бестік алғандікі. Төрт түп алма — Төрттік алғандікі.

Грамматика: Үстеу

Үстеу тақырыбын деңгейлік тапсырмалар арқылы бекітеміз. Негізгі мақсат — сөйлем ішінде үстеуді танып, сұрағын дұрыс қою және орынды қолдану.

I деңгей

Тапсырма 1

Сұрақтардың орнына керекті сөздерді жазыңдар.

  • (Қашан?) күн өте суық.
  • Біз анаммен (қайда?) бардық.
  • Самат оқу жылын (қалай?) аяқтады.
  • (Қайдан?) кітапты алдың.
  • Бүгін сабақта (қандай?) баға алдым.

Тапсырма 2

Сөздердің ішінен мезгіл үстеулерін тауып, аударыңдар.

Таңертең, мектеп, биыл, кеше, былтыр, жалғыз, көкөніс, қала, жазда.

Тапсырма 3

Сөздерге мөлшерлік үстеулерді қатыстырып тіркес құраңдар.

Мысалы: жолұзын жол.

Кітап, қора, үй, мектеп, көлік, бөлме.

II деңгей

Тапсырма 1

Кесте бойынша сөйлем құрастырыңдар. (Кесте мұғалім тарапынан ұсынылады.)

Тапсырма 2

Сөйлемдерден үстеуді тауып, қай түріне жататынын анықтаңдар және сұрағын қойыңдар.

  • Кеше ауа райы суық болды.
  • Машина тез жүрді.
  • Менің көйлегім ұзын.
  • Мен күнде сабаққа барамын.
  • Алыстан қонақтар келді.
  • Биыл көктем ерте келді.

III деңгей

Тапсырма 1

Сөйлемдерден мезгіл үстеулерін тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

  • Атам кеше ауылға кетті.
  • Талғат таңертең биені суарды.
  • Саматты бүгін мектепке шақырды.
  • Гүлмира сабақтан соң сыныптың тазалығын тексеріп шықты.
  • Биыл біздің ауылда жаңа үйлер салынды.
  • Былтыр сыныппен біз Алматыға бардық.

Тапсырма 2

Сөйлемдерден мезгіл үстеулерін тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

  • Ертең мен киноға барамын.
  • Биыл жемістер көп.
  • Келесі жылы біз анамызбен Алматыға демалуға барамыз.
  • Қыста аяз жиі болады.

Диктант жұмыстары

Сөйлем диктанты

Далада қар кетті. Күннің көзі жылынды. Көктем шықты. Ағаштар бүршік жара бастады. Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да оянды. Ол аяғымен көзін сүртті. Қасындағы жолдастарын оятты. Ол терезеге қарады. Қар кетіп пе? Мұз еріп пе? Жылы жел бар ма екен? Күн жылы екен. Аралар ұясынан ұшып шықты. Алма ағашына келді.

Буын диктанты

Көктемнің бірінші айы — наурыз. Екінші айы — сәуір. Үшінші айы — мамыр. Көктемде төрт мереке бар: біріншісі — 8 наурыз; екіншісі — 22 наурыз, мұсылмандардың жыл басы; үшіншісі — 1 мамыр; төртіншісі — 9 мамыр, Жеңіс күні.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

134-бет: ережені жаттау.

Бағалау

Оқушылардың жаңа сөздерді қолдануы, өлең мазмұнын түсінуі, үстеуді ажырата білуі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.