Жорға Тіл өнері Адасқан әріптер Қатесін тап
Сабақтың тақырыбы
Математикалық тартыс (сыныптан тыс сайыс сабақ)
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
7-сыныпта өтілген материалды қайталау.
Дамытушылық
Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Өз бетімен танып-білуге, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландырып, ынта мен жауапкершілікті арттыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелер
- Нақыл сөздер
Кіріспе ой
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі үшін білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет ететін жастарға үлкен сенім білдірген.
«Біздің түпкілікті мақсатымыз – интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру».
Н. Ә. Назарбаев
Сайыс бөлімдері
I бөлім: «Есіңе сақта!»
Тақтада көрсетілген әртүрлі суреттерді есте сақтап, олардың атауларын жазу қажет. Дұрыс әрі толық орындаған топқа 10 ұпай беріледі.
II бөлім: «Жорға»
Әр дұрыс жауап: 10 ұпайЖарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты — еңбектенуден жалықпау. Бұл бөлімде әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап жылдам әрі нақты болуы тиіс.
«Дарын» тобы
- 1.Шеңбер бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді — радиус.
- 2.Ортақ бөлгіші 1-ге тең сандар — өзара жай сандар.
- 3.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек — бұрыс бөлшек.
- 4.Нәрселерді санағанда қолданылатын сан — натурал сан.
- 5.369 саны 3-ке бөліне ме? — иә.
- 6.Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы — 1.
- 7.Дәлелденбейтін тұжырым — аксиома.
- 8.Бағытталған кесінді — вектор.
- 9.Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны — шеңбер.
- 10.ОХ осі — абсцисса осі.
«Қабілет» тобы
- 1.Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді — диаметр.
- 2.Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер — өзара кері сандар.
- 3.640 саны 5-ке бөліне ме? — иә.
- 4.Алымы бөлімінен кіші бөлшек — дұрыс бөлшек.
- 5.Натурал сандар 1-ден басталады.
- 6.Дәлелденетін тұжырым — теорема.
- 7.Жазыңқы бұрыш шамасы — 180°.
- 8.Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (π) — 3,14.
- 9.Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш — шаршы немесе ромб.
- 10.ОУ осі — ордината осі.
III бөлім: «Тіл өнері»
Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер. Бұл бөлімде жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыздар.
1) Жұмбақ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.
2) Жұмбақ
Ел құлағы нешеу?
3) Жұмбақ
Отыз тістен шыққан сөз — неше рулы елге тарайды?
4) Жұмбақ
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрса 12 кг тартады. Ал екі аяғымен тұрса, қанша тартады?
IV бөлім: «Адасқан әріптер»
Берілген сөздердің әріптері орындары ауысқан. Дұрыс математикалық терминді қалпына келтіріңіздер.
| Адасқан сөз | Дұрыс нұсқа |
|---|---|
| Апрцетяи | трапеция |
| Еңшбре | шеңбер |
| Шұбршүы | үшбұрыш |
| Трұбышрет | төртбұрыш |
| Рвадкат | квадрат |
V бөлім: «Қатесін тап!»
Берілген формулаларда қателер бар. Қателерді тауып, дұрыс түрінде жазыңыздар.
Қате берілген
- (a + b)² = a² + 2ab + b
- (a − b)² = a − 2ab + b²
- (a − b)(a + b) = a² + b²
- (a + b)² = a³ + 3ab + 3ab² + b²
- (a − b)² = a³ + 3a²b − 3ab² − b³
- a³ + b³ = (a − b)(a² + ab + b²)
- a³ − b³ = (a − b)(a² + ab + b²)
Дұрыс нұсқа
- (a + b)² = a² + 2ab + b²
- (a − b)² = a² − 2ab + b²
- (a − b)(a + b) = a² − b²
- (a + b)³ = a³ + 3a²b + 3ab² + b³
- (a − b)³ = a³ − 3a²b + 3ab² − b³
- a³ + b³ = (a + b)(a² − ab + b²)
- a³ − b³ = (a − b)(a² + ab + b²)
VI бөлім: «Логикалық лабиринт»
1) Келесі сан қандай?
18, 10, 6, 4, ?
2) Келесі сандар қандай?
1, 4, 5, ?
2, 3, 6, ?
Қорытындылау
Қиындықтан біз ешқашан қашпаймыз, алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қиялға самғап ұшқан құстай болып, шегінбей, жеңіске ұмтыламыз.
Енді жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Алғыс
Көңіл бөліп, осы кешке келгендеріңізге көп рақмет. Шынайы қолдау білдірген көрерменге мың рақмет!