Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебініңБейнелеу өнері және технология, сызу пәндерінің мұғаліміБалмұханов НұрболатТақырыбы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі — Бейнелеу өнері және технология, сызу пәндерінің мұғалімі: Балмұханов Нұрболат

Тақырып

Ұлттық нақышта ас үй жабдығының жасалу технологиясы

Сабақтың мақсаты

Жалпы мақсат

Жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту, ұлттық өнерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын күшейту; әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ұлттық өнер туралы білімді жүйелеу, шығармашылық қиялды дамыту. Шеберлікті ұштау және жоспарланған мақсатқа нәтижелі жетуге жетелеу.

Тәрбиелік

Оқушыларды жауапкершілікке баулу, өз бетінше жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және еңбек дағдыларын жетілдіру.

Көрнекіліктер

  • Технологиялық карта
  • Суреттер

Құрал-жабдықтар

  • Ағаш бөліктері
  • Штангенциркуль
  • Лак
  • Ара
  • Бояулар
  • СТД–120 ағаш жону станогі

Сабақтың әдістері

Түсіндіру Топпен жұмыс Сарамандық жұмыс

Жаңа сабақ: мазмұны мен ой өзегі

«Ас — адамның арқауы» демекші, ас дайындауға арналған ас үй жабдықтарын шеберлер экологиялық таза материалдардан сапалы әрі көркем етіп жасайды. Бұл сабақта оқушылар ас үй жабдықтарын жасаудың негізгі тәсілдерін үйренеді.

Жасау үдерісі аса күрделі емес, алайда ынта-ықылас, ептілік және шеберлік қажет. Ас үй жабдықтары — әр отбасыға күнделікті керек бұйым.

Материал таңдауы

Мұндай бұйымдарды көк терек пен қарағайдан жасауға болады. Бұл сабақта тәжірибе ретінде үшқат (қабатты фанера) қолданылып, технологиялық картаға сүйене отырып жұмыс орындалады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Арнайы киімнің талапқа сай болуын тексеру.
  • Қажетті құрал-жабдықтарды және жұмыс орнын дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптың қаншалықты меңгерілгенін тест арқылы тексеру.

III. Жаңа сабақ

Ас үй жабдықтарын жасау жолдарын түсіндіру, материал таңдау және технологиялық карта бойынша орындалатын қадамдарды таныстыру.

IV. Сергіту сәті: жұмбақтар

Жұмбақ 1

Жалпақ желке, сопақ бетті,
Орманды отап кетті.

Жауабы: Балта

Жұмбақ 2

Басы жоқ, екі бетті,
Жүзі тісі бар.
Қақ бөлер бөренені,
Өз күші бар.

Жауабы: Ара

Жұмбақ 3

Кедір-бұдыр тақтайды,
Тегістейді тілімен.
Жеген асын топтайды,
Шығар желке түбінен.

Жауабы: Сүргі

V. Сарамандық жұмысты ұйымдастыру

  • Жұмыс топпен орындалады.
  • СТД–120 ағаш жону станогін пайдаланып, технологиялық картаға сай ағаштан ас үй жабдықтарын жасау.
  • Оқушылар өз шеберлігін шыңдап, шығармашылық қабілетін танытуға бағытталған тапсырмаларды орындау.
  • Қауіпсіздік ережелерін қайталау және сақтау.

VI. Сабақты қорытындылау

Теориялық және практикалық бөлімді жинақтау үшін сын тұрғысынан ойлау стратегиясы қолданылып, кесте толтырылады.

Не білдім? Нені үйрендім? Нені жетілдіремін?

VII. Бағалау

Оқушылардың орындаған жұмыстары қаралып, нәтижесіне қарай бағаланады.

VIII. Үйге тапсырма

Мәнжазба жазу.