Бейнелі сұрақ

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі

Тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы

Қатысушы сыныптар: 9–10-сынып

Тақырып: Заңды білу — заман талабы

Құқықтық мемлекет құру жолында әр азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі — қоғам мәдениетінің өлшемі. Заңды сақтап, әділетті ұстанып, еліне адал қызмет еткен адам ғана мұратына жетеді.

Түрі

Сыныпаралық топтық сайыс

Көрнекіліктер

  • ҚР рәміздерінің суреттері
  • Елбасы портреті
  • ҚР Конституциясы
  • Заң жинақтары, бүктемелер
  • Заң туралы қанатты сөздер

Мақсаты

  1. Оқушылардың адам құқықтары мен бостандықтары туралы түсінігін қалыптастыру, құқықтық білімін толықтыру.
  2. Адамгершілік құндылықтарға, ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
  3. Саяси сананы және таным белсенділігін арттыру: заңдарды талдап, салыстырып, өмірде қолдана білуге үйрету.

Сайыс жоспары

1) Визиткалық карточка

Топ аты, өмірлік ұстанымы, эмблемамен таныстыру

2) Тікелей сұрақтар

Әр топқа 10 сұрақ

3) Тапқырлық: қате мәтін

Қатені түзету және заңын анықтау

4) Үй тапсырмасы

Тақырыпқа сай макетті таныстыру және қорғау

5) Жағдаяттық сұрақтар

ҚР Азаматтық кодексі аясында

6) Пікірсайыс

Тақырып: «Жастар және қылмыс»

7) Бейнелі сұрақ

Екі сұрақ: көрініс + мәтін

8) Мұны әрбір оқушы білуге тиіс

Құқық, міндет, жауапкершілік

9) Болашақ жобасын қорғау

Сұрақ: «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»

Қанатты сөздер

«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»

Б. Момышұлы

«Балам бол, басқа бол — бәріңе заң біреу-ақ»

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»

Ж. Баласағұн

Сайыс барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылар үш топқа бөлініп, жеке-жеке отырғызылады. Сайыстың мақсаты мен ережесі түсіндіріледі.

І топ

«Бейбітшілік» (10 «А»)

ІІ топ

«Заңгерлер» (10 «Ә»)

ІІІ топ

«Ақиқат» (9 «А», «Ә»)

Жүргізуші сөзі: Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында Қазақстан Республикасы құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет екені, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқындалған. Құқықтық мемлекет құру жолында әр адамның өз құқығын білуі, жалпы заң білімінен хабардар болуы — уақыт талабы.

2) Визиткалық карточка

Топ аты, ұстанымы, эмблемасы таныстырылады.

Уақыт: 3 минут Ең жоғары ұпай: 10

3) Тікелей сұрақтар

Әр топқа заң мен құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.

Бағалау: 1 жауап = 1 ұпай

І топ сұрақтары

  1. «Конституция» сөзінің аудармасы қалай? (Латынның constitutio — құрылым, өкілет)
  2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы кім? (Халық)
  3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
  4. Егемендік алғаннан кейін ҚР Конституциясы қанша рет қабылданды? (2 рет: 1993, 1995)
  5. Республикадағы ең жоғары заң шығарушы орган. (Парламент)
  6. ҚР азаматтары еңбек етуге міндетті ме? (Міндетті емес)
  7. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (5 тарау)
  8. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
  9. Қазақстан Республикасында қабылданған қандай заңдарды білесіңдер?
  10. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)

ІІ топ сұрақтары

  1. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
  2. ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
  3. ҚР-да билікті иемденіп кетуге кімнің құқығы бар? (Ешкімнің құқығы жоқ)
  4. ҚР-да ресми түрде қолданылатын тіл. (Орыс тілі)
  5. «Баланың құқықтары туралы» заң қай жылы күшіне енді? (2002 жыл, 8 тамыз)
  6. ҚР теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жыл, 12 қараша)
  7. ҚР әкімшілік-аумақтық құрылымы жағынан қандай мемлекет? (Унитарлы мемлекет)
  8. ҚР қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Франция)
  9. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері қанша? (Мың қой)
  10. Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та, 1787 жыл)

ІІІ топ сұрақтары

  1. «Демократия» грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Халық билігі)
  2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жыл, 10 желтоқсан)
  3. ҚР-ның басқару нысаны қандай? (Президенттік республика)
  4. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? (Президент пен Парламент)
  5. «Мемлекеттік нышандар туралы» заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл, 4 маусым)
  6. «Баланың құқығы туралы» заң қанша тараудан, қанша баптан тұрады? (10 тарау, 53 бап)
  7. 1998 жыл қалай аталып өтті? (Халық бірлігі мен тарих жылы)
  8. 17 желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)
  9. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
  10. Балалар құқықтары туралы Конвенция қашан қабылданды? (1989 жыл)

4) Тапқырлық: «Қате мәтін»

Заңға бағыну — тәртіп. Тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық және адамға тән өзге де қасиеттер қалыптасады. Бұл қасиеттер қоғам тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Шарты: ҚР заңдарының бірінен қате мәтін беріледі. Әр топ қатені түзетіп, мәтіннің қай заңнан алынғанын анықтайды.

Ең жоғары ұпай: 10

5) Үй тапсырмасы

Тақырыпқа және тәуелсіздіктің мерейтойына орай дайындалған бейне/макетті таныстыру және қорғау.

Ең жоғары ұпай: 10

6) Жағдаяттық сұрақтар (азаматтық мәселелер)

Заңға бағыну — елжандылық пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Келесі бөлімде азаматтыққа қатысты өмірлік жағдаяттар талқыланады.

І топ

Мәдина түрік азаматына тұрмысқа шықпақ. Ата-анасы «азаматтығынан айырылып қалады» деп алаңдайды. Мәдина ҚР азаматтығын жоғалта ма?

Жауабы: 7-бап — жоғалтпайды.

ІІ топ

Ирина мен Қайрат — ҚР азаматтары. Украинада келісімшартпен жұмыс істейді. Отбасында ұл бала дүниеге келді. Балаға қай елдің азаматтығы беріледі?

Жауабы: 12-бап — ҚР азаматтығы беріледі.

ІІІ топ

Қарт адам Париждегі ҚР елшілігіне келіп, ҚР азаматтығын сұрайды. Алайда ол халықаралық сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылуы тиіс қылмыскер, жасырынған тұлға болған. Оған азаматтық беріле ме?

Жауабы: 17-бап — берілмейді.

7) Пікірсайыс

Тақырып: «Жастар және қылмыс»

Уақыт: 3 минут

І топ

Мектеп жасындағы жасөспірімдердің құқық бұзуының негізгі себептері қандай?

ІІ топ

Жастарды қылмысқа итермелейтін қандай факторлар бар?

ІІІ топ

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін не істеу керек?

8) Бейнелі сұрақ

Әр топ қарсылас топқа екі сұрақ қояды: біреуі — көрініс (сахналық жағдаят) түрінде, екіншісі — мәтін түрінде.

9) «Мұны әрбір оқушы білуге тиіс»

І топ

Оқушы құқықтары

ІІ топ

Оқушы міндеттері

ІІІ топ

Оқушы жауапкершілігі

10) Болашақ жобасын қорғау

Шарты: Барлық топқа бір сұрақ беріледі. Сол сұрақ төңірегінде ойларын қағаз бетіне сурет түрінде түсіріп, қорғап шығады.

Уақыт: 5 минут Сұрақ: «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?»

Қорытынды

Әділқазылар алқасы әр топтың жұмысын бағалап, нәтижесін шығарып, қатысушыларды марапаттайды. Бүгінгі сайыста айтылған ойларды түйіндей келе, еліміздің өркениетті ел ретінде дамуы — білімді, ойлы, жауапты жастардың қолында. Сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, қоғам игілігіне қызмет ету — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген тағылымы — әр буынға аманат. Өзін-өзі тәрбиелеу, заңды құрметтеу, адамдықты биік қою — бүгіннен басталатын жауапкершілік.