Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру
Сынып сағатының мақсаты
- Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.
- Ұлттық қазынамыз — салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты таныстыру, рухани байлықты қадірлеп-қастерлеудің маңызын ұғындыру, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.
- Оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін дамыту: елге, жерге сүйіспеншілік пен салт-дәстүрге құрметке тәрбиелеу.
- Балалардың ойлау, қабылдау және зейін қабілеттерін жетілдіру.
Ашық тәрбие сағатының барысы
Сәлемдесу
Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз — Наурыз!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Топқа бөлу
«Шашу» арқылы топқа бөлінеміз: қызыл орамдағы кәмпитті жинаған оқушылар — I топқа, жасыл орамдағы кәмпитті жинаған оқушылар — II топқа отырады.
Наурыз — жыл басы
Балалар, міне, Наурыз да келді. 22 наурыз — жыл басы. Наурыз — көптен күткен, үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп, міне, жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
Аман ба деп мал-жаның?
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.
«Наурыз» сөзінің шығу төркіні
Наурыз — ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «нау» — жаңа, «руз» — күн деген мағынаны білдіреді.
Бұл мереке күн мен түн теңелетін кезеңге сай келіп, 22 наурыз күні атап өтіледі. Оны қазақтармен бірге қырғыз, өзбек, тәжік және басқа да халықтар тойлайды.
Наурызкөже: көктемнің дәмі
Наурызда дәстүрлі наурызкөже дайындалады. Ол — жеті түрлі тағамнан құралатын молшылықтың белгісі.
Наурызкөже — мерекенің, көктемнің келгендігінің және игілік тілегінің нышаны.
Наурызға қатысты ұғымдар
Топпен жұмыс
I топ тапсырмасы
Наурыз мейрамында қазақ халқы қандай іс-әрекеттерді жасамайды?
- Сапарға шықпайды.
- Ешкіммен ренжіспейді.
- Жаман, былапыт сөз айтпайды.
- Жаман қылық көрсетпейді.
- Шаш, тырнақ алмайды.
- Іс тікпейді, кір жумайды.
II топ тапсырмасы
Наурыз мейрамында қазақ халқы қандай іс-әрекеттерді жасайды?
- Күн мен түн теңеледі.
- Ренжіскен адамдар татуласып, достасады.
- Жақын туыстармен дәм алысады.
- Жеті түрлі дәмнен наурызкөже дайындайды.
- Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуу, қол күрес секілді ойын-сауық ұйымдастырып, үлкен той жасайды.