Аралар мен көбелектер ойыны
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Көбелектер
Білім беру саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті
Музыка
Қажетті құралдар
- Гүлдердің суреттері
- Көбелектердің суреттері бар слайдтар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Жұмбақ
- Тосын сәт (көбелектің келуі)
Мақсаттар
- Сабақтың мақсаты: көркем-ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу, әуенді есту мен сезіну, ән айту қабілеттерін дамыту.
- Дамытушылық: балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: жәндіктер туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың барысы
1) Амандасу және кіріспе әңгіме
Тәрбиеші балалармен амандасады және қысқаша әңгіме бастайды:
- Сұрақ: «Қазір жылдың қай мезгілі?» — «Көктем.»
- Сұрақ: «Көктемнің неше айы бар?» — «Үш ай: наурыз, сәуір, мамыр.»
- Сұрақ: «Көктемде қандай өзгерістер болады?» — «Күн жылынады, құстар ұшып келеді.»
2) Бейнематериал қарау
Балалар бейнетаспадан көктем мезгілінің ерекшеліктерін тамашалайды: құстардың дауысы, сарқыраған су, ұшып жүрген көбелектер.
3) Ән тыңдау
«Көктем» әні (сөзі мен әні — Қуатбаев).
4) Жұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Жұмбақ:
Қаны жоқ, жаны бар,
Гүл іздеп сабылар.
Ол не?
Балалардың жауабы: «Көбелек.»
Тәрбиеші сұрайды: «Көбелектердің түстері қандай болады?» Балалар: сары, қызыл, ақ, көкшіл, қара-ала.
5) Тосын сәт: «Көбелектің келуі»
Осы кезде топқа көбелек «ұшып» келеді (көбелек болып киінген бала).
Көбелек: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кіммін?»
Балалар: «Сәлеметсің бе! Сен көбелексің.»
Көбелек: «Иә, мен көбелекпін. Біз өте нәзікпіз. Жаз мезгілінде өмір сүреміз. Гүлден-гүлге қонып, гүлдің ішіндегі шырынмен қоректенеміз. Гүлдің иісін мұртшаларымыз арқылы сеземіз. Гүлдерге қонып, өсімдіктерді тозаңдандыруға көмектесеміз.»
6) Ән айту
«Көбелек» әні (сөзі — Смақов, әні — К. Қуатбаев).
7) Музыкалық-ырғақты қимылдар: «Гүлдер мен көбелектер»
Тәрбиеші: «Балалар, менің қимылдарымды қайталап, билей аласыңдар ма?»
Балалар: «Иә, билей аламыз.»
Өлең жолдары:
Көктем қандай көрікті,
Балақайлар көріпті.
Дала гүлге толыпты,
Көбелек гүлге қоныпты!
Осы сәтте көбелек гүлдерге «қонады». Тәрбиеші балалардың назарын көбелектің әдемілігіне аударады.
8) Қимылды ойын: «Аралар мен көбелектер»
Ойынға шақыру өлеңі:
Көбелек-ау, көбелек,
Ұшасың сен аралармен көлбеңдеп.
Қызыл-жасыл керемет,
Гүлге қоншы, көбелек!
Тәрбиеші ойын шартын түсіндіреді: аралар мен көбелектер гүлдерге «қонуы» керек; балалар қимылды ырғақпен, музыка ырғағына сай орындайды.