Назары сендер, Базары сендер

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы • Сымбат жеке мектебі • Бастауыш сынып • І санатты мұғалім: Макуова Нуршат Аманқосовна

Армандай білеміз бе?

Адам өмірге келген сәттен бастап әр кезеңде армандап, қиялдай алады. Арманға жету үшін нақты мақсат қойып, сол мақсатқа апаратын қадамдарды жүйелі түрде орындау маңызды. Мақсатқа ұмтылған адам арманына жақындайды.

Мақсаты

  1. Оқушыларға «арман» ұғымының мағынасын түсіндіру, меңгерту.
  2. Өз армандары мен қиялдарын еркін айтуға, ойын жинақтап жеткізе білуге дағдыландыру.
  3. Шығармашыл, арманшыл тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Нақыл сөздер
  • Тақырып жазылған плакат
  • Парақшалар және басқа материалдар

Жүру барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Қатысушылармен амандасу, топтарға бөлу, шара ережесін қысқаша таныстыру.

  2. II. Кіріспе

    Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі шарамызды ашық деп жариялаймыз.

    Арман — адамды алға жетелейтін ішкі күш. Арманға жету үшін мақсатты дұрыс белгілеп, сол мақсатқа жеткізетін әрекеттерді күнделікті әдетке айналдыру қажет.

    Талқылау сұрағы

    «Арман» дегенді сен қалай түсінесің?

    (Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

Жүргізушілердің сөзі (өлең жолдары)

1-жүргізуші
Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
2-жүргізуші
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Екі жүргізуші бірге
Өз елім менің, өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін.
Төрім деп менің,
Жырыма қосып жүремін.

Қайырмасында бәрі қосылады:

Түлегі сендер, тілегі сендер,
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер, базары сендер,
Ажары сендер сол елдің.

Сұрақтар

  • Арман-қиялдарыңды айтып беріңдер.
  • Сол арманға жету үшін не істеуіміз керек?
  • Мамандық пен арманның бір-бірінен айырмашылығы қандай?
  • Жазғы демалыстағы басты мақсатың қандай?

Негізгі бөлім: Топтық жұмыс

Шараға 4 топ толық қатысады. Әр топ өз арманы мен қиялын баяндап, мақсатқа жетудің жолдарын ой бөліседі.

1-топ

Балдәурен

Менің арманым — болашақта азамат атына лайықты, мәнді өмір сүру.

2-топ

Ақкөгершін

Менің арманым — лагерьдің әр күнін тиімді өткізу.

3-топ

Балдырған

Менің арманым — сабаққа қажетті құралдарды алдын ала дайындап қою.

4-топ

Болашақ

Менің арманым — өскенде ұшқыш болу.

Түйінді ұғымдар

Қиял Сезім Ой Мақсат

Қорытынды

«Армандай білеміз бе?» шарасына қатысқан топ мүшелеріне алғыс айтылып, мақтау қағаздарымен марапатталады.

Орын
Топ
1-орын
Болашақ тобы
2-орын
Ақкөгершін тобы
3-орын
Балдәурен тобы
4-орын
Балдырған тобы