Алғыр алтау
Тақырыбы
Алғыр алтау!
Мақсаты
- Балалардың білімін тексеру және математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін кеңейту.
- Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға, үлкен мен кішіні салыстыруға, сандарды тура және кері санауға дағдыландыру.
- Жұмбақтар арқылы ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Топпен жұмыс жасауға, ұғымталдыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекі құралдар
- Слайдтар
- Ойынға қажетті бетперделер
Іс-әрекет кезеңдері
1) Кіріспе: сәлемдесу және көңіл күй
Тәрбиеші
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар
Сәлеметсіз бе!
Шаттық шеңбері
Аманбысың, алтын күн!
Аманбысың, жарқын күн!
Маған жылу, жарық бер,
Қуаныш пен шаттық бер.
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Балалар: Керемет.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
2) «Ғажайып сәт»: шақырту қоңырауы
Оқиға
Қоңырау шалынады.
Тәрбиеші: Алло, сәлеметсіз бе! Мен сізді тыңдап тұрмын.
Дауыс (Балапан телеарнасы): Сәлеметсіз бе! Біз Балапан телеарнасынан хабарласып тұрмыз. Ақбота балабақшасының «Көгершін» тобының балаларын «Алғыр алтау!» бағдарламасына шақырамыз.
Тәрбиеші және балалар
Тәрбиеші: Балалар, бізді «Алғыр алтау!» бағдарламасына шақырып жатыр. Барғыларың келе ме?
Балалар: Иә!
3) Жолға шығу: көлік таңдау
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Балалар, алыс жолға қандай көлік түрлерімен барамыз?
Балалар: Пойызбен, ұшақпен.
Тәрбиеші: Ендеше ұшақпен тез ұшып барайық.
4) Бағдарламаға келу: топқа бөліну
Жүргізуші
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер.
Бағдарлама шарты бойынша екі топқа бөлінейік.
Бүгінгі бағдарламаны жүргізуді өз тәрбиешілеріңе беремін. Ары қарай тәрбиеші апай жалғастырады.
Тәрбиеші
Енді топтарымызға ат қойып, бір-бірімізбен танысайық.
Екі топ балалары өз тобына атау ойлап, аты-жөндерін айтады.
5) Ойын шарты
- Бір бала ортаға шығып, зырылдауықты айналдырады.
- Түскен сұраққа дұрыс жауап беріп, тапсырманы орындайды.
- Дұрыс жауап берген топқа бір смайликтен беріледі.
- Сабақ соңында ең көп смайлик жинаған топ — жеңімпаз.
Сергіту сәті
Colors Song
Балалар зырылдауықты кезекпен айналдырып, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды орындайды және смайликтер жинайды.
6) Қорытынды
Нәтиже
Смайликтерді санау арқылы қай топ жеңіске жеткені анықталады. Балалар мақталып, мадақталады.
Рефлексия сұрақтары
- Бүгін біз қайда қонаққа бардық?
- Қандай тапсырмаларды орындадық?
- Оқу қызметінен не үйрендік?