Зат есім сөздерді жіктік жалғауында қолдану дағдыларын қалыптастыру
Кіріспе
«Сөз — сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» деген нақылдың мәні бүгінгі күні ерекше байқалады. Қазіргі уақытта кейбір балалардың сөйлеуі кеш шығып, айтқаны түсініксіз болуы жиі кездеседі. Отбасында екі тіл қатар қолданылған жағдайда да баланың сөйлеу тілі бұрмаланып, қалыптасуы кешеуілдеуі мүмкін.
Сөйлеу тіліндегі қиындықтар баланың эмоциялық жағдайына әсер етеді: кейде ол құрдастарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады, өзін қоғамда ыңғайсыз сезініп, шет қалуы ықтимал. Сондықтан ерте жастан бастап сөйлеуді түзету және тілдік дағдыларды жүйелі дамыту тиімді.
Неғұрлым бала анық және еркін сөйлесе, соғұрлым белсенді, көпшіл болып қалыптасады.
Мәселенің сипаты
Көп жағдайда мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі грамматикалық тұрғыдан толық жетілмеген болады: қазақ тілінің кей дыбыстарын бұрмалап айтуы, жұрнақ пен жалғауларды сөз ішінде дұрыс қолданбауы кездеседі.
Осы өзекті мәселеге байланысты мектепке дейінгі ұйымдардағы тіл мамандарына арнап ойын форматында жүргізілетін тапсырмалар жүйесі ұсынылады. Тапсырмаларды құрастыруда балалардың жас ерекшелігі, сөйлеу мүмкіндігі, тапсырманы түсіну деңгейі, белсенді және енжар сөз қоры ескерілді. Жұмыс ауызша және көрнекілік тәсілдер арқылы беріледі.
Тапсырмалар жүйесінің құрылымы
Негізгі бағыттар
- Сөз өзгерту (көптік жалғауы, септік жалғаулары, жіктік және тәуелдік жалғаулары)
- Сөзжасам (жұрнақтар арқылы жаңа сөз тудыру)
- Қазақ тілінің үндестік заңына сәйкес дұрыс нұсқаны таңдауға дағдыландыру
Өткізу форматы
Тапсырмалар ойын түрінде ұйымдастырылады. Баланың қатысу белсенділігіне қарай сұрақ-жауап, көрнекі суреттер, заттық материалдар және қимыл-қозғалыс элементтері қолданылады.
Әр тапсырмада педагог үлгі береді, бала жауапты толық сөйлеммен айтуға ынталандырылады.
Ойын-тапсырмалар
1-тапсырма. «Біреу — көп»
Мақсаты: зат есімнің жекеше түрін көпше түрге өзгерту дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Біз қазір “Біреу — көп” ойынын ойнаймыз. Мен затты аз мөлшерде айтамын, ал сен оны көп мөлшерде айтып бер».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Алма | ||
| 2 | Шие | ||
| 3 | Қарындаш | ||
| 4 | Күшік | ||
| 5 | Мысық | ||
| 6 | Өрік |
2-тапсырма. «Ненің құйрығы?»
Мақсаты: ілік септігінің жалғауын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Кеше кешкісін қатты жел соғып, жануарлар құйрықтарын жоғалтып алыпты. Қане, құйрықтарды тауып, иелеріне берейік. Алдымен “ненің құйрығы?” екенін айтып өтейік».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Ит | ||
| 2 | Маймыл | ||
| 3 | Қоян | ||
| 4 | Мысық | ||
| 5 | Арыстан | ||
| 6 | Түлкі |
3-тапсырма. «Қоянға нені берді?»
Мақсаты: табыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Суретке мұқият қара. Қоянға не бергенін есіңе сақта. Енді “нені берді?” сұрағына жауап беріп айтып бер».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Шар | ||
| 2 | Бантик | ||
| 3 | Гүл | ||
| 4 | Доп | ||
| 5 | Алма | (мысалы: алманы) | |
| 6 | Кесе |
4-тапсырма. «Кімде не бар?»
Мақсаты: жатыс септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Суретке мұқият қарап, “кімде не бар?” деген сұраққа жауап беріп айт».
| № | Кейіпкер | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Қоян | ||
| 2 | Кірпі | ||
| 3 | Ит | ||
| 4 | Мысық | ||
| 5 | Есек | ||
| 6 | Құс |
5-тапсырма. «Мен, сен, ол»
Мақсаты: зат есімдерді жіктік жалғауымен байланыстырып қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Қазір “Мен, сен, ол” ойынын ойнаймыз. Мен саған сурет көрсетемін, сен суреттегі маман иелерін “мен”, “сен”, “ол” сөздерімен байланыстырып айт».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы (үлгі) | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Оқушы | Мен… / Сен… / Ол… | |
| 2 | Суретші | Мен… / Сен… / Ол… | |
| 3 | Басшы | Мен… / Сен… / Ол… | |
| 4 | Президент | Мен… / Сен… / Ол… | |
| 5 | Ұстаз | Мен… / Сен… / Ол… |
6-тапсырма. «Менің, сенің, оның»
Мақсаты: зат есімдерді тәуелдік жалғауында қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Қазір “Менің, сенің, оның” ойынын ойнаймыз. Мен саған допты лақтырып, бір сөз айтамын. Сен сол сөзді “менің”, “сенің”, “оның” сөздерімен байланыстырып айтып, допты кері лақтыр».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы (үлгі) | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Тон | Менің… / Сенің… / Оның… | |
| 2 | Көйлек | Менің… / Сенің… / Оның… | |
| 3 | Доп | Менің… / Сенің… / Оның… | |
| 4 | Жаға | Менің… / Сенің… / Оның… | |
| 5 | Машина | Менің… / Сенің… / Оның… |
7-тапсырма. «Мұқият бол»
Мақсаты: зат есімге -ша, -ше, -шік жұрнақтарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Мұнда екі дөңгелек бар: біреуі үлкен, біреуі кіші. Үлкен дөңгелекке үлкен заттарды, кіші дөңгелекке кіші заттарды атап орналастыр».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Көрпе | ||
| 2 | Жалау | ||
| 3 | Қап | ||
| 4 | Үй | ||
| 5 | Күрек | ||
| 6 | Қобди |
8-тапсырма. «Сөзді қалай өзгерттік?»
Мақсаты: -шы, -ші жұрнақтарын қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: «Мұнда екі пойыз бар: біреуі үлкен, біреуі кіші. Бір пойызға ұзындау сөздерді, екіншісіне қысқарақ сөздерді қойып, атап бер».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Етікші | ||
| 2 | Жұмысшы | ||
| 3 | Биші | ||
| 4 | Қойшы | ||
| 5 | Тігінші | ||
| 6 | Сиыршы |
9-тапсырма. «Мен айтамын, сен жалға»
Мақсаты: түбірлес сөз тудыру (сөзжасам) дағдысын қалыптастыру.
Нұсқау: «Мұнда бес вагон бар: -лық, -шек, -шең, -ке, -шік. Мен сөз айтамын, сен оны тиісті вагонның жұрнағымен қосып айтып бер».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Іні | ||
| 2 | Бала | ||
| 3 | Шеше | ||
| 4 | Күрке | ||
| 5 | Сөз |
10-тапсырма. «Қосып айт»
Мақсаты: түбірлес сөз тудыру (сөзжасам) дағдысын қалыптастыру.
Нұсқау: «Мен саған сөз айтамын. Сен сол сөзге -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарын қосып айтып бер».
| № | Ұсынылған сөз | Баланың жауабы | Баға |
|---|---|---|---|
| 1 | Гүл | ||
| 2 | Тас | ||
| 3 | Мұз | ||
| 4 | Көбелек | ||
| 5 | Тау |
Қорытынды
Резюме (RU)
В статье рассматриваются дополненные варианты методики обследования грамматического строя речи, а именно: навыков словообразования и словоизменения у детей дошкольного возраста.
Summary (EN)
The article presents an expanded set of assessment activities for preschool children’s grammatical speech development, focusing on word formation and word change skills.