Пайдалы қазбалардың түрлері

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты

Мұғалім

Ермекова Алма Темирболатовна (бастауыш сынып)

Пән / сынып

Дүниетану, 3-сынып

Тақырып

Пайдалы қазбалардың түрлері

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Топпен жұмыс

Әдіс-тәсілдер

Блум таксономиясы, кластер, генеологиялық ағаш, «Джигсо»

Ресурстар

А3 қағазы, маркер, кестелер, АКТ, слайдтар, суреттер

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Мақсаты мен міндеттері

Оқушылар пайдалы қазбалардың түрлерімен танысады және олардың табиғаттағы орны мен адам өміріндегі маңызын түсінеді.

1) Қайдан алынады?

Пайдалы қазбалардың жер қойнауынан, кен орындарынан алынатыны туралы мағлұмат алады.

2) Қасиеті мен қолданылуы

Қасиеттерін ажыратып, қай салада қолданылатынын біледі.

3) Өндіру жолдары

Өндіру тәсілдері туралы түсінік қалыптастырады.

Сабақтың барысы

Психологиялық дайындық

«Дайын бол» ойыны: балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді қимыл арқылы көрсетеді (мысалы: қоян — секіреді, құс — ұшады).

1) Білу: өткенді қайталау

1-тапсырма: сұрақтар

  • Адамдар құрылыста қандай материалдарды пайдаланады?
  • Оларды қайдан алады?
  • Отынның қандай түрлерін білесің?
  • Металды қалай алады? Оны қайда пайдаланады?
  • Пайдалы қазбаларды қандай мамандық иелері өндіреді?

2-тапсырма: I топ

«Пайдалы қазбалар» тақырыбына кластер құру.

2-тапсырма: II топ

Кесте құрастыру: «Негізгі сөздер — Түсіндірме сөздер».

  • • Пайдалы қазбалар
  • • Кен орны

2-тапсырма: III топ

Топтық тапсырма (берілген жоспар бойынша талқылау және жауап дайындау).

2) Түсіну: жаңа сабақ

«Ойлы болсаң, озып көр!»

Жұмбақтарды шешу арқылы жаңа тақырып ашылады.

Түсі қара, сұйық зат,
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды,
Жақсаң жанады,
Пайдаға жарайды.

Жауабы: Мұнай

Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үйімізді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.

Жауабы: Көмір

Мөлдір әрі түссіз,
Өзі табиғи отын.

Жауабы: Газ

3) Қолдану: мәтінмен жұмыс («Джигсо» әдісі)

Мәтін үш бөлікке бөлініп оқылады. Оқушылар өз бөлігін меңгеріп, бір-біріне түсіндіреді. Түсінгенін кестеге түртіп отырады.

I топ

Жанғыш пайдалы қазбалар туралы бөлікті оқып, түсіндіру.

II топ

Кенді пайдалы қазбалар туралы мағлұмат беру.

III топ

Кенсіз пайдалы қазбаларға не жататынын тауып, айту.

Сергіту сәті (қимылды)

Шахтер келді шахтаға,
Көмір қазып халқына.
Дайын болған көмірді,
Ұсынады халқына.

4) Талдау: «Генеологиялық ағаш» әдісі және тәжірибе

Талқылау сұрағы: «Пайдалы қазбалар не үшін қажет?» Себептері мен салдарын жазып, дәлелде.

Тәжірибе №1

Таскөмір кесегін қолыңа алып, сындырып көр. Қолмен сындыру қиын, өйткені таскөмір қатты. Енді көмірді балғамен ұрғанда, ол ұсақ бөліктерге бөлінеді.

Тұжырым: таскөмір морт, сынғыш.

Тәжірибе №2

Таскөмірді суға сал. Не байқадың? Ол бірден батып кетеді.

Тұжырым: таскөмір суға ерімейді және судан ауыр.

5) Жинақтау: бейнефильм бойынша қорытынды

Шағын бейнефильм көрсетіледі. Оқушылар көргені бойынша қорытынды жасап, кестені толтырады.

Қорытындылау үшін: негізгі ұғымдар, қасиеттер, қолданылу салалары, өндіру тәсілдері.

Толық нұсқасын жүктеу