Жаның тазарса шабыттанып кетесің
Үш серігің мен көрігің
«Көп іздесе, жоқ табылар» — татар халқының мәтелі.
Өмір жолы — көшкен керуендей
Өмір жолы көшкен керуендей: мың сан өткелі бар. Көрген сайын оның қыр-сыры тереңдей түседі. Қырағы көзбен алдыңа үңілесің, кейде қырсығы мен азабы, тікені көп соқпақтан түңілесің.
Өмір — үздіксіз үйлесім. Тек жеткен жеріңде тоқтап, тоқырап қалма.
Оқырманға бір ауыз
Құрметті оқырман, мені сөкпеңіз: жазбагер бар-жоғы отыздың төртеуінде, ал айтқандарын тыңдасаң, тоқсанның төртеуіне келген қариядай көрінуі мүмкін. Мен жан дүниемдегі жайттарды — өзім сезінген, ұғынған, бастан кешірген ойларды — ортаға салып отырмын.
Бәлкім келісерсіз, бәлкім келіспессіз — ерік өзіңізде. Дегенмен мұның бәрі ең алдымен өзім үшін: жазбасам тоқырап қалатындаймын, жазсам өз-өзімнен тәрбие алатындаймын.
Қайта оқысам, ішкі жансарайым ашылып, зіл басқан дүниеден тазарамын. Ойы таза адамның жаны да таза. Жаның тазарса, шабыт оянады.
Жазылмаған, ақ қағазға түспеген күндерді өмірдің маған ұсынған бағдарламасы деп қабылдаймын.
Адамдық үш серігің
Қашанда адамдық бейнеңді айқындайтын үш серігің бар. Олар сенің ішкі жарығың мен өлшеміңе байланысты:
-
СерігіңСана
Сәулеңе, ішкі ояулығыңа байланысты.
-
СерігіңПарасат
Пайымыңа, көрегендігіңе байланысты.
-
СерігіңАқыл
Таразыңа, шешіміңнің салмағына байланысты.
Керуен жолыңды көріктейтін үш көрік
Ал керуен жолыңды мұратқа жетелейтін, өміріңді көріктейтін үш көрігің бар. Олар да өз ішкі тірегіңе байланысты:
-
КөрігіңСенім
Жетекшіңе, бағыт-бағдарыңа байланысты.
-
КөрігіңСабыр
Қолдаушыңа, төзіміңе байланысты.
-
КөрігіңНамыс
Қайратыңа, рухыңның қуатына байланысты.
Иә, өз жолыңды көрікті ету, адамдық жолды биіктету, іздеген жоғыңды табу — мұның бәрі өзіңе байланысты.