Алыс - жақын елдерде аты қазақ деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды

Оралхан Бөкей (1943–1993)

Туғанына 65 жыл

«Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айырылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ».

О. Бөкей

Әдеби бағалау

«О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды».
Ә. Кекілбаев
«Осынау талантты қазақ жігіті бүгінде тек қазақ елінде ғана емес, шетелге де кеңінен танылған — осы замандағы көрнекті прозаик. Оның “След молнии” мен “Поющие барханы” жинағына кірген әңгімелері мен повестері көптеген журналдарда жарияланды».
Анатолий Ким

Өмірбаяны

Жерлесіміз, жазушы Оралхан Бөкей 1943 жылғы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келді.

Шығармашылық өзегі

Оралхан Бөкейдің қай шығармасын алсақ та, қалам тербеген негізгі тақырыбы — адам тағдыры мен табиғат, олардың тұтастығы мен бірлігі. Оның прозасындағы басты мұрат — адамды ардақтау, оның рухани ұлылығын жырлау.