Карбон қышқылдары
Химия пәні • 11-сынып
Пән мұғалімі: Сыдықбекова Т. Н.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға альдегидтердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясы, карбониль тобының құрылысы және олардың алыну жолдары туралы білім қалыптастыру.
Альдегидтердің гомологтары мен изомерлерінің формулаларын құрастыру, алыну теңдеулерін жазу арқылы білім-білік дағдыларын жетілдіру; есте сақтау қабілетін дамыту және сөздік қорын молайту.
Сабақ уақытын тиімді бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа баулу және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тақырыптар мен бөлімдер
- §9.1. Альдегидтер
- §9.2. Альдегидтердің қасиеттері
- §9.3–§9.5. Карбон қышқылдары. Қаныққан бір негізді карбон қышқылдары. Табиғатта кездесуі және алу жолдары
- §9.6. Карбон қышқылдарының қасиеттері
- §9.7. Карбон қышқылдарының жеке өкілдері
- §9.8. Бір негізді қанықпаған қышқылдар
- §9.9. Көмірсутектер, спирттер, альдегидтер және карбон қышқылдары арасындағы генетикалық байланыс
Зертханалық жұмыстар
Лабораториялық тәжірибе №7
Альдегидтердің күміс оксидімен және мыс(II) гидроксидімен тотығуы.
Лабораториялық тәжірибе №8
Спирттерді тотықтыру арқылы альдегидтер алу.
Практикалық жұмыстар
-
4
Практикалық жұмыс №4
Құмырсқа қышқылының тотығуы.
-
5
Практикалық жұмыс №5
Органикалық заттарды анықтауға арналған эксперименттік есептер шығару.
Бекіту және бағалау
Тақырыпты бекіту
«Альдегидтер» және «Карбон қышқылдары» тақырыптары бойынша негізгі ұғымдарды қайталау, формула құрастыру және теңдеулер жазу.
Бақылау жұмысы
«Альдегидтер» және «Карбон қышқылдары» бөлімдері бойынша жиынтық тексеру жұмысы.