Бағалы тас
Сабақтың тақырыбы
Моншақтан алқа бұйымын жасау.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттыру және білімін жүйелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.
Оқу міндеттері
- Білімділік: моншақ тоқудағы білімді жүйелеу, шеберлікті арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
- Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілетті дамыту, ой-өрісті кеңейту.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Моншақ түрлері
- «Моншақ» кітабы
Керекті құралдар
- Домалақ моншақ
- Бисер
- Ине
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа даярлығын бақылау.
-
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тест сұрақтары, парақшамен жұмыс және сөзжұмбақ арқылы өткен материалды бекіту.
-
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Моншақ түрлері, жасалу материалы және қолданылу аясы туралы түсінік беру.
-
IV. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
Ине және ұсақ бөлшектермен жұмыс істеу кезіндегі тәртіп пен сақтық талаптарын қайталау.
-
V. Сарамандық жұмыс
Нұсқау карта бойынша алқаны тоқу, орындалу кезеңдерін ретімен жасау.
-
VI. Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдарды қайталап, орындалған жұмыстарды талдау.
-
VII. Оқушыларды бағалау
Шеберлік деңгейі, дәлдік, ұқыптылық және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша бағалау.
-
VIII. Үйге тапсырма
«Мәрмәр» алқасын тоқып, аяқтап келу.
Үй тапсырмасын тексеру: сұрақтар жинағы
Тест сұрақтары
-
1) Неолит дәуірінде моншақты неден жасаған?
- А) Тастан және сүйектен
- Б) Ағаштан
- В) Қорғасыннан
-
2) Моншақ қай дәуірде металдан жасалған?
- А) Неолит дәуірі
- Б) Қола дәуірі
- В) Тас дәуірі
-
3) Бисер өндіру әдісін ешбір мемлекетке жария етпей, құпия сақтаған ел?
- А) Венеция
- Б) Индия
- В) Болгария
-
4) Моншақты ерте кезде қандай тастардан дайындаған?
- А) Шыны
- Б) Хрусталь
- В) Капрон
Парақшамен жұмыс
- Моншақтың формалары қандай болады?
- Шыныдан бисер өндіру кәсіпшілігі қай елдерде дамыған?
- Венеция өндіріс орталығында қандай моншақтар өндірілген?
- Бағалы тастарға — ________
- Жартылай бағалы тастарға — ________
- Әшекейлі тастарға — ________
Сөзжұмбақ: «Моншақ»
- Моншақты кестелеп тігуде қажет болатын құралдың бірі?
- Сырмаққа не түседі?
- Бисерді тұңғыш ойлап тапқан ел?
- Шашқа тағатын әшекей бұйым?
- Бағалы тас?
- Мойынға тағатын әшекей бұйым?
Жаңа сабақ: негізгі ұғымдар
Моншақ
Ірі моншақтарға берілетін жалпы атау.
Бисер
Ұсақ моншақтарға берілетін атау.
Стеклярус
Ұзындығы шамамен 3 мм, түтікше тәрізді шыны моншақ түрі.
Қысқаша тарихи-мәдени мәлімет
«Моншақ» сөзінің шығуы «мойын-шақ» немесе «мойын-тақ» деген тіркестермен байланыстырылып айтылады.
Қазақ зергерлері қыз-келіншектердің ажарын ашатын, көркін айшықтайтын әшекей бұйымдарды көп жасаған. Сол бұйымдардың сәнін келтіруде моншақтар кеңінен қолданылған.
Мысалы, әйелдердің бас киіміне тағылатын ірі маржан моншақтарды былқылдақ деп, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақ тізбектерін жырға деп атаған.
Шолпы мен шашбаудағы алтын-күмістен жасалған әшекейлер де тізілген моншақтар арқылы өзара байланыстырылып, үйлесімді безендірілген.
Алқа көбіне шыны моншақтан, алтын-күмістен, сондай-ақ асыл тастарды тізіп, салпыншақ үлгісінде жасалады.
Моншақтың түрлері
- Домалақ
- Сопақша
- Таяқша
Моншақ неден жасалады?
- Шыны
- Керамика
- Хрусталь
- Металл
Қолданылу аясы
Сарамандық жұмыс
Нұсқау картамен жұмыс
Алқаны тоқудың кезеңдерін нұсқау карта бойынша ретімен орындау: моншақты іріктеу, жіпті/ине-жіпті дайындау, тізу және бекіту.
Қауіпсіздік ережелері
- Инені қапшықта немесе арнайы инелікке сақтау.
- Ұсақ моншақты жұмыс орнында шашып алмау, қолданғаннан кейін жинау.
- Жұмыс кезінде инені ауызға салмау және бір-біріне берерде ұшын төмен қаратып ұсыну.
- Жарық жеткілікті болуын қадағалау, көзді шаршатпау үшін үзіліс жасау.