Жай сандар, құрама сандар

Сабақтың тақырыбы

Жай сандар және құрама сандар.

Сабақтың мақсаты

Оқыту

  • Жай сандар мен құрама сандарды ажырата білуге үйрету.
  • Жай сандар кестесін тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау қабілетін және есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға және ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндірмелі әдіс
  • Сұрақ-жауап
  • Проблемалық оқыту

Көрнекіліктер

Сұрақтар мен есептер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылардың сабаққа дайындығын және қатысуын тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

№241

Есеп
Оқушы Терген алма саны
Ерлан 27 алма
Нұрлан 18 алма
Әсел 39 алма

Сұрақ

Олардың терген алмаларын өзара тең бөлісуге бола ма? Егер бөлу мүмкін болса, әрқайсысы неше алмадан алады?