Ұрысқа қатысушы қазақтар

Мақсаттар

Білімдік

1812 ж. соғыс туралы хабарды қазақтардың қалай қабылдағанын түсіндіру, ұрысқа қатысқан жауынгерлер туралы әңгімелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың өздігінен және топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Қазақ-орыс достығының шаруашылық пен мәдениеттен бөлек, жауға қарсы ортақ күресте де көрінгенін көрсету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • Карточкалар бойынша сұрау.
  • «Сұрақ-жауап минуты» арқылы қысқа қайталау.
  • Сызба бойынша жұмыс, қорытындылау және бекіту.

Хронологиялық жұмыс

«Датаны тап!» ойыны арқылы негізгі даталарды еске түсіру.

«Құрақ көрпе» ойыны

Әр түсті қағазға жазылған сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауаптарды магнитті тақтаға құрақ сияқты құрастыру.

3) Жаңа сабақ

Жоспарланған жұмыс уақыты: 5–7 минут (тапсырмаларды даярлау)

Жаңа материалды оқытудың жоспары

  1. 11812 ж. соғыстың басталуы.
  2. 2Қазақ жауынгерлерінің негізгі шайқастарға қатысуы.
  3. 31812 ж. соғыста екі халықтың әскери ынтымақтастығы.
  4. 4Қорытынды.

Оқу әрекеттері

  • Оқулық мәтінімен жұмыс.
  • Сыныпты екі топқа бөліп, тапсырмалар беру.
  • Тыңдалған жауаптарды толықтыру және қорытынды пікір айту.
  • Плакат пен карта бойынша түсіндірме жұмыс.
  • Құжат материалдарымен танысу.

Топтық тапсырмалар

1-топ

Қазақтардың Ресейге көмегі

Тапсырма ауызша орындалады, негізгі дәлелдер мен мысалдар келтіріледі.

2-топ

Ұрысқа қатысқан қазақтар

Тапсырма ауызша орындалады, қатысушылардың рөлі мен ерліктері талқыланады.

Плакатпен жұмыс

Ұрысқа қатысқан қазақ жауынгерлері туралы қысқаша түсініктеме беру, негізгі ойды түйіндеу.

Картамен жұмыс

Негізгі шайқастар өткен аймақтарды картадан көрсету, бағыт-бағдарды талдау («саяхат жасау» әдісі).

Құжаттармен жұмыс

Тарихи құжат үзінділерімен танысып, дерекке сүйеніп қорытынды жасау.

4) Тақырыпты бекіту сұрақтары

  • 1804–1815 жж. Кіші жүзден қанша жылқы алынды?
  • Бөкей ордасынан қанша жылқы алынды?
  • Наполеонға қарсы орыс емес ұлттар қандай құрамаларда шайқасты?
  • Орынбор губерниясында қанша кавалериялық полк құрылды?
  • Сан жағынан қазақтар қай полктерде көбірек болды?
  • Екі ел достығы рухын көтеруге атсалысқан старшын кім?
  • Отан соғысына қатысып, жоғары марапаттарға ие болған қазақтарды атаңдар.

Қорытынды

Башқұрт-қазақ әскери бөлімшелерінің құрамында негізгі шайқастарға қатысқан қазақ жауынгерлері жеңіске елеулі үлес қосты.

Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери бауырластығын нығайтып, ортақ тарихи жадыны тереңдете түсті.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және білімін бағалау.

Үй тапсырмасы

  • § 9 оқу.
  • Кестені толтыру.