Оқушылардың көбі

Қазақ тілі · 2-сынып Ұзақ мерзімді жоспар Менің туған өлкем

Тақырып: Табиғат және адам. Лепті сөйлем

Бұл сабақта оқушылар табиғат туралы мәтін мен өлеңнің мазмұнын түсініп, тақырыбы мен негізгі ойын анықтауға үйренеді. Сонымен бірге сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тыныс белгілерін дұрыс қолдануды және лепті сөйлемді ажыратуды меңгереді.

Оқу мақсаттары

  • 2.2.4.1

    Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.

  • 2.3.7.1

    Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды.

Оқушылардың көбі

Берілген сөздерден сөйлем құрастырады.

Кейбір оқушылар

Сюжетті суреттердің реті бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Тілдік мақсаттар және талқылау сұрақтары

Туған өлке туралы ой қозғау

  • Туған өлке дегеніміз не?
  • Сенің туған өлкең қай жер?
  • Туған өлкеңде саған қымбат, көрікті, жаныңа жақын сүйікті орындар бар ма?

Сөйлем түрлерін қайталау

  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлемнің неше түрі бар? Олар қалай аталады?
  • Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
  • Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату: «Зарядка» ойыны

Бір-бірімізге күлімсіреп қарайық. Күлкі көңіл-күйімізді көтереді, сабақты қуана әрі ынтамен өткізуге көмектеседі. Жаратылыстану сабағында күлгенде және қабақ түйгенде қанша бұлшық ет жұмыс істейтінін еске түсірейік.

Барлығыңа сәттілік!

Ой қозғау

Бүгін қазақ тілінен «Менің туған өлкем» ортақ тақырыбын бастаймыз. Интербелсенді тақта арқылы «Табиғат және адам» бөлімімен танысып, грамматикалық тақырып ретінде лепті сөйлемге назар аударамыз.

Стратегия: «Ыстық орындық»

Сөйлем туралы білімді еске түсіріп, сөйлем түрлерін ажыратуға арналған сұрақтарға жауап береміз.

Кері байланыс: «Отшашу»

Сабақтың ортасы

1

Оқулықпен жұмыс · Оқылым (топтық жұмыс)

Бағалау критерийі

  • Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды.
  • Мағынасы түсініксіз сөздердің мәнін анықтайды.
  • Өлең бойынша талдау жасайды.

Жұмыс форматы

Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын және оқу рефлексиясын дамыту мақсатында «Пирамида» стратегиясы арқылы орындалады. Одан кейін «Галереяны шарлау» стратегиясымен топтар бір-бірінің постерлерін оқып, стикерлерге пікір жазып, постерге жапсырады.

Дескриптор

  • Өлеңге ат қояды.
  • Өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
  • Өз ойын жазады.
  • Өлең туралы пікір білдіреді.
Кері байланыс: «Галереяны шарлау»
2

Жазылым · 2-жаттығу (суретпен жұмыс, топтық тапсырма)

Бағалау критерийі

  • Сурет пен көпнүкте бойынша сөйлем құрастырады.
  • Ой қорытындысын жасайды.

Назар аударатын тұс

Тапсырма барысында сөйлемнің түрін анықтап, тиісті тыныс белгілерін дұрыс қоюға мән беріледі. Лепті сөйлемнің айтылу мәнері мен леп белгісінің қызметі нақты мысалдар арқылы бекітіледі.

Мәліметтер

Мектеп
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Мұғалім
Даулетова А. О.
Бөлім және грамматикалық тақырып
«Табиғат және адам» бөлімі · «Лепті сөйлем» тақырыбы