Гүлдердің пайдасы

Сабақтың тақырыбы

«Гүлдер» — Тұманбай Молдағалиев.

Сабақтың мақсаты

«Гүлдер» өлеңімен танысып, мазмұнындағы негізгі идеяны ашу. Тұманбай Молдағалиев туралы мағлұмат беру.

Көрнекі құралдар

  • Т. Молдағалиевтің суреті
  • Үлестірмелі карточкалар
  • Бейнеролик
  • Слайд

Сабақтың міндеттері

1) Табиғаттағы гүлдердің әсемдігін, сұлулығын және қажеттілігін түсіндіру.

2) Шығармашылықпен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту; тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.

3) Елін, жерін сүюге тәрбиелеу және табиғаттың маңызын сезіндіру. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.

Қолданылатын стратегиялар

Ой қозғау Топтастыру Кубизм Екі түрлі түсіндірме Бағалау Бақылау Портфель

Сабақтың өту барысы

I. Қызығушылықты ояту

Слайд: табиғаттың әсем көрінісі

Ой қозғау сұрағы: «Табиғат» сөзін естігенде көз алдарыңызға не елестейді?

II. Мағынаны тану

Бейнеролик: табиғат пен гүлдер

«Өлеңі — ақыл, сөзі — ән…» Бүгін біз Тұманбай Молдағалиевтің «Гүлдер» атты өлеңімен танысамыз.

Бағдарлаушы сұрақ: Өлең жазатын адамды кім дейміз?

Оқушыларға: алдарыңыздағы қағазға Тұманбай ақын туралы білгендеріңізді тізіп жазыңыздар.

Тұманбай Молдағалиев туралы қысқаша мәлімет

Туған жері

Алматы облысы

Туған жылы

1935 жыл, 20 наурыз

Белгілі өлеңдері

«Көктем шақырады», «Құстар қайтып барады»

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы. Ол 1935 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Жарсу» ауылында дүниеге келді.

1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Шығармашылық жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастады. 1959–1970 жылдары «Пионер» журналында қызмет атқарды. 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды.

1973 жылдан бастап «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясында, сондай-ақ «Жалын» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. Ақынның өлеңдері мен поэмалары 40-тан астам жинақ болып жарық көрді.

Оқулықпен жұмыс

«Гүлдер» өлеңін мәнерлеп оқу.

Дәптермен жұмыс

Енді өлең мазмұнын қаншалықты түсінгенімізді тексерейік.

Гүлге қатысты сөздерді жазу

Қызыл, көк, тербеледі, жайқалады.

Гүлге қатысты емес сөздерді жазу

Өрт, от, сәби.

Өлеңді сатылай кешенді талдау

Өлең құрылымы, көркемдегіш құралдары және негізгі идеясы бойынша кезең-кезеңімен талдау жүргізіледі.

Топтастыру: «Гүлдер»

Түс

Қызыл, көк

Қимыл

Тербеледі

Күй

Құлпырады

Көрініс

Кең жазық дала

Ойын: «Гүлдер» (қимыл-әрекет)

Кең жазық далада,
Өседі гүлдер құлпырып.
Гуілдеген желменен
Тербеледі оңға,
Тербеледі солға.
Жайқалған гүлдерді
Аялап отырдық.

Оқушылар өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

Топпен жұмыс

1) «Гүл» туралы 5 жол өлең

Қысқа әрі мәнді шумақ құрастыру.

2) Гүлдердің пайдасы

Табиғатқа, адамға тигізер әсерін дәлелдермен айту.

3) Біздің жерімізде өсетін гүлдер

Өз өңіріндегі гүл түрлерін атап, сипаттау.

Сергіту сәті

Тұманбай Молдағалиевтің «Құстар қайтып барады» әнін хормен орындау.

Бағалау

Оқушылардың оқу, талдау, топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалардағы белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

1) Өлеңді жаттау

«Гүлдер» өлеңін толық жаттап келу.

2) Эссе жазу

«Менің сүйікті гүлдерім» тақырыбында шағын эссе.