Тұрақты магниттер

Сабақтың тақырыбы

Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға тұрақты магнит деген не, оның қасиеттері, Жердің магнит өрісі және аспан денелерінің магнит өрісі туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздық пен қызығушылықты арттыру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Түсіндіру

Сабақтың түрі

Аралас

Көрнекілігі

Магнит, плакат, глобус

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Сыныптың дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу, сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру.

2) Үй тапсырмасын сұрау

№1 карточка

  1. Газдардағы электр тогы дегеніміз не?
  2. Плазма дегеніміз не?

№2 карточка

  1. Вакуумдегі электр тогы дегеніміз не?
  2. Термоэлектрондық эмиссия деп нені айтамыз?
  3. Кемтік дегеніміз не?
  4. Шалаөткізгіштердегі электр тогы дегеніміз не?
  5. Шалаөткізгіштер дегеніміз не?
  6. Шалаөткізгіштерге қандай және қанша химиялық элемент жатады?

3) Есептер шығару

Есеп 1

12 В кернеуге есептелінген электр шамының қуаты 36 Вт. Шамның кедергісін және ток күшін табыңыз.

Есеп 2

Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0,5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

4) Сөзжұмбақтар шешу

КЕРНЕУ КЕДЕРГІ

Жаңа сабақ

Тұрақты (қарапайым) магниттер — магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелер. Мұндай денелерге табиғи магнит — магниттік теміртас жатады.

Тұрақты магниттердің қасиеттері

  • Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі: тартылу күші ең көп болатын аймақтар магниттің ұштарында орналасады.
  • Бұл ұштар магниттік полюстер деп аталады.
  • Магниттің екі түрлі полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік (S).

Полюс белгіленуі

N — Солтүстік

S — Оңтүстік

Магнит түрлері

Таға тәрізді магнит, жолақ (таяқша) магнит және т.б.

Күш сызықтары

Магнит өрісінің сызықтары солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді.

Жердің магнит өрісі және магниттік аномалиялар

Жердің де магнит өрісі бар. Жер қойнауында магнит темір рудасының өте үлкен кен орындары орналасқан аймақтарда жергілікті магнит өрістері пайда болуы мүмкін.

Магниттік аномалия

Магниттік аномалия — жер астында магнит кені көп жатқандықтан, белгілі бір аймақта Жер бетінде магнит өрісінің әдеттегіден ауытқуы.

Ең ірі аномалиялардың бірі — Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы.

Оқушыларға тапсырма (тәжірибелік жұмыс)

  1. Сызба бойынша магнит таяқшаларының өзара тартылуын (немесе тебілуін) көрсетіңіз.
  2. Темір ұнтағын пайдаланып, күш сызықтарының кескінін алыңыз да, бақылағаныңызды сурет ретінде салыңыз.

Сабақты бекіту

  1. Тұрақты магниттер дегеніміз не?
  2. Магниттің қанша полюсі бар?
  3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
  4. «Аномалия» ұғымына түсінік беріңіз.
  5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді?

Үйге тапсырма

§ 52 оқу.

Оқушыларды бағалау

Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, есеп шығарудағы дәлдігі және тәжірибелік жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.