Жұмбақтың шешуін тап

Сабақ тақырыбы

Сын есім

Сабақ мақсаты

Білімділік

Сөз таптары туралы білімді одан әрі жетілдіру, сын есімді шығармашылық жұмыс арқылы меңгерту.

Дамытушылық

Оқушының өз бетінше іздену және шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа тәрбиелеу, ананы қадірлеуге және туған жерді сүюге баулу.

Сабақ көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Қима қағаздар
  • «Гүл жинау» тапсырмасы

Сабақ әдісі

Шығармашылық жұмыс Сұрақ–жауап

Технологиясы

Дамыта оқыту

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

1) Психологиялық даярлық

Біз — бейбіт елдің ұланы,

Өнер-білім — ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.

2) Сабақ мақсатын хабарлау

  • Сөз таптары туралы алған білімді одан әрі жетілдіру.
  • Сын есімді меңгеру және тұжырым жасау.

II. Үй жұмысын сұрау

4 оқушыдан сұралады:

  1. 1 53-жаттығу
  2. 2 Ребусты шешу
  3. 3 Төле бидің батасы
  4. 4 Негізгі және туынды етістік

Ой қозғау

Өлең жолдары

Гүл-гүл жайнап жер-аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүл жазырат жарасқан,

Гүлдерімен қай кезең?

Тақтамен жұмыс

Тақтада гүлдермен көмкерілген 1-ден 7-ге дейінгі сандар берілген, ал 8 саны бөлек орналасады. Оқушыларға жыл мезгілі (көктем) және киелі жеті сан туралы қысқаша түсінік беріледі. Кейін сандар ашылып, сұрақтарға жауап алынады. 8 саны ашылғанда құттықтау айтылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар (1–8)

1

Сөйлеу не үшін қажет?

2

Шешуі «кітап» болатын жұмбақ айт.

3

Дыбыс пен әріп туралы не білесің?

4

Мақал айт.

5

Мәтін деген не?

6

Сөйлемдерді топтастыр.

7

Сөйлем мүшелері деген не? Қазақша жыл қайыруды айт.

8

Жұмбақтың шешуін тап.

Екі доп ауысты,

Бір шеңберді тауысты.

Қосымша сұрақ

Жалаң және жайылма сөйлем деген не?

Қайталау

  • Зат есім туралы айт. «Ұлттық ойын» дегенде нені түсінесің?
  • Етістік туралы айт.
  • Қазыбек бидің Бертіс биге жауабын әңгімеле.

Құттықтау және қорытынды

Заттың түр-түсін, сипатын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.

III. Жаңа тақырып

Сын есім

  • Сын есім туралы жалпы түсінік беру.
  • Мысалдар арқылы негізгі белгілерін айқындау.

Кітаппен жұмыс

1-жаттығу: жұмбақты оқып, шешуін табу. Жұмбақтағы сын есімдерді анықтап, олардың нені білдіретінін талдау:

Түсін білдіретін

жасыл, қызыл

Сапасын білдіретін

қап-қатты

Дәмін білдіретін

тәп-тәтті