Шығармашылық саты
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы
С. Мұқанов — «Саятшы Ораз»
Сабақтың түрі
Білімді жүйелеу, жинақтау.
Көрнекілік
Тірек сызбалар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жазушының өмірі мен әңгімені қорытындылау; деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың алған білім-білік дағдыларын бағалау.
Дамытушылық
Оқушыларды еркін сөйлеуге, ашық пікір айтуға бағыттау; тіл байлығын жетілдіру; шығармашылық жұмыстар арқылы таным-түсінігін дамыту.
Танымдық
Оқуға деген саналы көзқарасты арттыру; оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту.
Әдіс-тәсілдер мен технологиялар
Сабақтың әдісі
- Дамыта оқыту технологиясы
- Жобалау технологиясы
- Түртіп алу технологиясы (Қ. Бітібаева)
Сабақтың ұраны
«Еңбек етсең ерінбей, бес аласың күлімдей».
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Кезекшінің есебі
- Сабақ мақсатын айқындау
II. Психологиялық дайындық
Оқушылардың көңіл күйін көтеру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
III. Сергіту сәті
Мәтіндегі Ораз аулайтын аң-құстарды атаймыз. Құс аталса — қолымызды жоғары көтеріп, «ұшамыз». Аң аталса — жерге отырып-тұрамыз.
Деңгейлік тапсырмалар құрылымы
Тапсырмалар оқушының түсіну деңгейін бірізді түрде арттыруға бағытталған: алгоритмдік → эвристикалық → шығармашылық.
I. Алгоритмдік саты
- Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы
- Ш. Айтматовтың сөзі (пікірін талдау)
- «Саятшы Ораз» әңгімесі бойынша сұрақтар
II. Эвристикалық саты
- Кейіпкерлерді топтастыру
- Әңгіменің композициялық құрылымын талдау
III. Шығармашылық саты
- Концептуалдық кесте
- Семантикалық карта
- Түсініктеме күнделігі
- Басты кейіпкерге хат
- «Аңшылық» тақырыбына шығарма
Оқушы деңгейі: сұрақтар
Төмендегі сұрақтар мәтінді меңгеру, дерек пен ойды байланыстыра айту дағдысын тексереді.
- 1. Сәбит Мұқанов кім?
- 2. Қай жылы дүниеге келген?
- 3. Туған жері қай өңір?
- 4. Жазушының өмір жолы мен тағдыры қандай болған?
- 5. Шыңғыс Айтматов қандай пікір айтқан?
- 6. Жазушының қандай романдарын білесің?
- 7. «Саятшы Ораз» әңгімесінің тақырыбы қандай?
- 8. Әңгімеден қандай жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіреміз?
Кейіпкерлерді топтастыру
Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен әлеуметтік болмысын салыстыра отырып, мәтіннің негізгі идеясын ашу.
Ораз
- аңшы
- саятшы
- халық қамқоры
- ойынқұмар
- қалжыңшыл
- әзілқой
- жайдары мінезді
Ескерту: саятшы — саят құруды кәсіп еткен, құс салып аң аулайтын адам.
Мұқа (Мұқан)
- кедей
- жалшылықта жүрген
- сырқат
- қайырымды
- мейірімді
Сүлеймен
- орта дәулетті
- сараң
- тар пейілді
- қайырымсыз
- қатыгез
Ескерту: сараң — ішкі дүниесі тар, ештеңе бермейтін адам.
Әңгіменің композициялық құрылымы
1) Оқиғаның басталуы
Мұқан сырқаттанып, еңбекке жарамай қалады. Сол себепті ұзатылған қызы Зәуренің ауылына көшіп келеді.
2) Оқиғаның дамуы
Мұқан отбасы саятшы Оразбен танысады. Мұқанның үйі күйеу баласының қасынан емес, Ораздың үйінің маңынан салынады.
3) Оқиғаның байланысы
Екі отбасы жақындасып, достасып, араласа бастайды.
4) Оқиғаның шиеленісуі
Ораздың мергендігі, аң аулауы айқын көрінеді. Тұрымтай — қаршығаға ұқсас жыртқыш құс.
5) Оқиғаның шарықтау шегі
Ораздың Мұқанға айтқан сөзі оқиғаның шешуші тұсына айналады.
6) Оқиғаның шешімі
Ораз сырқат Мұқанның көңілін аулап, әңгіме-дүкен құрады. Әңгімелерінің өзегі — аңшылық.
7) Қорытынды ой
Бірлік бар жерде тірлік бар. Ынтымақ түбі — бірлік. Ағайын тату болса, ас көп. Ынтымақ істі бітірер.