Хан тапсырмасы

Сабақ туралы мәлімет

Қала / мектеп
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебі
Пән
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалім
Гүльзия Өзбекбаева
Сынып
5-сынып
Тақырып
«Аяз би» ертегісіндегі кейіпкерлер әлемі

Мақсаты

«Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, оны оқушылардың бойына сіңіру. Кейіпкер әрекетін саралап, бағалауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттеріне қарай ажырата алады.
  • Кейіпкердің іс-әрекетіне дәлелмен баға бере алады.
  • Бірін-бірі бағалау мәдениетін қалыптастырады.

Әдіс-тәсілдер және оқыту ұстанымдары

  • Диалогтік оқыту
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Талантты және дарынды балалармен жұмыс
  • АКТ қолдану
  • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және топқа бөлу

Оқушылар пазл бөліктері арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ
Ертегі
2-топ
Жаман
3-топ
Мадан хан
4-топ
Меңді қыз
5-топ
Уәзірлер

2) Мазмұндық жоспар бойынша талдау

Ертегі желісін кезең-кезеңімен жүйелеу арқылы оқушылар мәтінді түсініп, оқиғалар байланысын анықтайды.

  1. 1 Ханның тапсырмасы
  2. 2 Жаманмен кездесу
  3. 3 Тұлпардың сыны
  4. 4 Гауһар тас сыры
  5. 5 Меңді қыздың шарты
  6. 6 Жаманның сертке беріктігі
  7. 7 Уәзірлердің арандатуы
  8. 8 Ақылдың пайдасы
  9. 9 Аяз бидің би атануы

3) Топтық тапсырмалар (түсіну және қолдану)

Ертегі мазмұны бойынша оқушылар кейіпкерлерді талдап, дәлел келтіріп, қорытынды жасайды.

І топ
Кейіпкерлерді топтастыру
Топтастыру стратегиясы

Ертегі кейіпкерлерін бойындағы қасиеттеріне қарай жағымды және жағымсыз деп бөліп, дәлел келтіру.

ІІ топ
Аяз бидің сынақтарын теріп жазу
Теріп алу стратегиясы

Басты кейіпкердің өткен сынақтарын жүйелеп жазу, әр сынақтың мәнін қысқаша түсіндіру.

ІІІ топ
Мақсатқа жету құпиясы

Аяз би қандай қасиеттері арқылы мұратына жетті? Қасиеттерін атап, мысалдармен дәлелдеу.

ІV топ
Венн диаграммасы

Уәзірлер мен Аяз бидің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

V топ
Кейіпкерді сәйкестендіру

Кейіпкерлерді олардың сөздері, әрекеттері және мінез-құлқымен сәйкестендіріп, қорытынды жасау.

4) Талдау деңгейіндегі сараланған жұмыс

Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай беріледі.

№1
Дарынды оқушылар

Берілген ұйқасқа өлең құрастыру.

№2–3
Жақсы меңгергендер

Ертегі мазмұны бойынша диалог құрастыру.

№4
Орташа деңгей

Ертегі желісі бойынша бір мазмұнды сұрақ дайындау.

5) Жинақтау: «Ой түю» стратегиясы

Оқушылар өмірлік ұстаныммен байланыстыра отырып пікір білдіреді, мысал келтіреді және жазбаша жауап береді.

Сұрақ 1. «Мен адамды қалай бағалаймын?» — ой-пікір айту.

Талқылауға ұсынылатын нақыл сөз: «Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл.»

Осы ойды қалай түсіндірер едің? Оны қандай мақал-мәтелдермен алмастыруға болады?

Сұрақ 2. Бұрын елді хандар биледі, ал қазір елді кімдер басқарады? Президент, әкімдер, министрлер, директорлар және т.б.

Егер сен әкім немесе президент болсаң, елің үшін не істер едің? Жазбаша жауап.

Қорытынды

«Ертегілердегі халық арманы» тақырыбында шағын ойтолғау жазу.

Үй тапсырмасы

«Менің ертегіден алған әсерім» тақырыбында эссе жазу.