Мағынаны ашу кезеңі

Сабақтың тақырыбы

«Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттері» (слайд).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Альдегидтердің физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру арқылы оқушылардың білімін тереңдету және жүйелеу.

Дамытушылық

Альдегидтердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру, білім-білік дағдыларын жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Кооперативті оқыту әдісі арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  • Оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

  • Оқушылардың білім алудағы мақсатын айқындауына көмектесу.

  • Материалды бір мезгілде қабылдауына, ой қорытындысын жасауына, жалпылау және жүйелеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау

Негізгі әрекеттер

  • Сабақта қалыпты жұмыс істеуге жағдай жасау.
  • Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау.

Қадамдар

  • Амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Назарын сабаққа шоғырландыру.
  • Сабақтың жалпы мақсатын ашу, өткізу жоспарын көрсету.
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Үй жұмысын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша тапсырмаларды орындау деңгейін анықтау және негізгі ұғымдарды қысқаша қайталау.

III. Мағынаны ашу кезеңі

Топтық және жұптық жұмыс

Жұмыс форматы

Топтар алдымен жұппен, кейін топпен бірлесіп жұмыс істейді. Соңында әр топтың өкілі тақтада өз бөлімін түсіндіреді.

1-топ тапсырмасы

Теория + теңдеулер
  • Физикалық қасиеттері.
  • Қосылу реакциялары.

2-топ тапсырмасы

Талдау
  • Тотығу реакциялары.
  • Орынбасу реакциялары.

3-топ тапсырмасы

Қолдану
  • Формальдегидтің полимерленуі.
  • Поликонденсация реакциясы.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар альдегидтердің негізгі қасиеттерін салыстырып, реакция теңдеулерін құрастырып, тұжырымдарын жүйелі түрде ұсына алады.