Сендер ояныңдар

Ашық оқу іс-әрекеті

Ертегілерге саяхат

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық. Бөлімі: Тіл дамыту, Сурет.

Мақсаты

  • Балалардың ертегі туралы ұғымдарын тиянақтау.
  • Сұрақ-жауап арқылы тілін дамыту, сөздік қорын байыту және дұрыс сөйлеуге баулу.
  • Ойын арқылы ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық ынтасын ояту.
  • Нүктелі әдісті қолдану.
  • Саусақ жаттығуы арқылы ұсақ моториканы дамыту.
  • Дыбыстық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.

Көрнекілігі:

  • «Бауырсақ» ертегісінің конусты суреттері.
  • «Жеті лақ» ертегісінің суреті.
  • Дидактикалық ойын: «Орнын тап та атын айт!»

Билингвалдық компонент

Қазақша

Түлкі

Орысша: лиса

Қазақша

Бауырсақ

Орысша: колобок

Қазақша

Қоян

Орысша: заяц

Сабақтың барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең: «Шаттық шеңбері»

Балалар, қане, бәріміз шеңберге тұрайық. Шеңберіміз неге ұқсады? Ендеше, шарымызды үрлеп, үлкен шар жасайық.

Енді денеміз сау болсын деп, бір-бірімізді «емдейік»:

Жаттығу мәтіні

  • — Қайырлы таң, көздерім! Көздерім, сендер ояныңдар!
  • — Қайырлы таң, құлақтарым! Сендер ояныңдар!
  • — Қайырлы таң, саусақтарым! Сендер ояныңдар!
  • — Қайырлы таң, Алтын күн! Күн сияқты күлімде!

Іздену-ұйымдастыру кезең: ертегілер әлеміне жол

Балалар, сендер ертегілерге саяхат жасағыларың келе ме? Ендеше, немен барамыз?

Осы сәтте гуілдеген пойыздың дауысы естіледі. Балалар оның пойыз екенін айтып, бәріміз «Көңілді пойыз» қимылды ойынын ойнап, сапарға аттанамыз.

Аялдамалар: ертегі кейіпкерлерімен кездесу

1-аялдама

«Жеті лақ»

Сұрақтар:

  • Лақтардың анасы қайда кетеді?
  • Оларды кім жеп қояды?
  • Анасы орманға не үшін кетті?

Тақпақ

Аслан: «Лақ, лақ, лағым, секеңдеген шұнағым».

2-аялдама

«Бауырсақ»

Сұрақтар:

  • Мұнда қандай ертегі кейіпкерлері тұрады?
  • Бауырсақ кімдерден қашты?
  • Бауырсақты кім жеп қояды?

Жұмбақ

Өзі қорқақ, құлағы ұзын. Ол не?

Жауабы: қоян

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді.

3-аялдама

«Шұбар тауық»

Бұл аялдамада шұбар тауық көрінбейді, бірақ «қыт-қыт» деген дауыс естіледі.

Балапан:

«Қыт-қыт-қыт. Балалар, сәлеметсіңдер ме? Мен анамнан адасып қалдым».

Ендеше, біздің балалар балапанға көмектеседі. Балапанға кім тақпақ айтып береді?

Тақпақ

Рахат:
«Шөп-шөп, шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер, жем беремін,
Дәнге толы алақаным».

Жарайсыңдар! Енді пойызға мініп, тобымызға қайтамыз.

Өнер орталығы: «Балапанға жем»

Балалар жемсауыттың ішіне тарының суретін салады. Ақ қағаз, гуашь және қол сүрткіш қолданылады. Жұмыс нүктелі әдіс арқылы орындалады: таяқшамен нүкте-нүкте етіп тары түсіреміз.

Саусақ жаттығуы: «Амандасу»

Саусақтарды кезекпен қимылдатып, амандасу қимылдарын орындаймыз.

Дайын жұмыстарымызды аяқтап, тары суреттерін балапанға сыйлық ретінде тарту етеміз.

Дыбыстық жаттығулар

  • 1 Орманда жүр масалар: «ыз-ызы-ыз-ыз»
  • 2 Аралар жүр: «ыж-ыж-ыжы»
  • 3 Тауықтар жүр: «қыт-қыт»
  • 4 Жыландар жүр: «ыс-ыс-ыс»

Рефлексия және қорытынды

Билингвалдық компонентті бекіту: қоян — заяц, бауырсақ — колобок.

Балаларды мадақтап, бүгінгі саяхатымызды қорытындылаймыз:

  • Біз қандай аялдамаларға бардық?
  • Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік?

Автор туралы

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы.

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна.