Сіздер Білгірлер мен тапқырлар атты сайысқа келіп отырсыздар
Білгірлер мен тапқырлар тартысы
Сәлем, достар! Амандарыңыз ба? Мына бейбіт заманда бәріңізді қуантқым келеді. Білімдіден қалыспайық!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздер «Білгірлер мен тапқырлар» атты сайысқа келіп отырсыздар.
Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай:
Ақыл — тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім — кең, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.
Ендеше, білім сайысына құлшынып тұрған оқушыларымыз додаға дайын!
Қатысушылар
-
Сулейманов Ренат
Жауабы дәл, ойы нақты — жеңіске ұмтылған талапты оқушы.
-
Аверкиева Дарья
Есепті түрлі тәсілмен шығарады, қазақ тілінде де еркін жарысады.
-
Мустафина Рамина
Жібек мінезді, ұпайды мол жинауға талпынған табанды қатысушы.
-
Мушанова Айгерім
Естігенін есте сақтап, оқығанын ойға тоқи білетін зерек оқушы.
-
Беркенов Қанат
Білім қуған, нақты ғылымға қызыққан мақсаткер қатысушы.
-
Ескерту
(Байқауға қатысушылар ортаға шығады.)
Қазылар алқасы
Шын жүйріктер жарыста сыналады. Сайыстың әділ бағалануы үшін қазылар алқасы өз бағасын береді.
(Қазылар алқасымен таныстыру)
Сайыс құрылымы
1-бөлім: Бәйге
Тест сұрақтары бойынша жылдам жауап беру.
2-бөлім: Тіл — өнер
Тілдік қабілет пен шешендікке негізделген тапсырмалар.
3-бөлім: Төрт жұмбақ
Ой ұшқырлығын тексеретін жұмбақтар.
4-бөлім: «Грамматикаң қалай?»
Ережелерді қолдану, сауаттылық пен дәлдік.
5-бөлім: Жорға
Шапшаңдық пен тапқырлықты қажет ететін кезең.
(Сайыстың өтілу барысымен таныстыру)
1-бөлім: Бәйге (тест)
Бұл бөлімде 6 сұрақ беріледі. Әр сұрақта 3 нұсқа бар, соның 1-еуі дұрыс.
Іске сәт! «Бәйге» десе бұлқынбас жас болар ма — бірінші бөлімді бастайық.
-
1) «Ең бірінші бақытым — халқым менің, ... Ал екінші бақытым — тілім менің. ... Бақытым бар үшінші — Отан деген.» Кімнің өлеңі?
а) Мұқағали Мақатаев ә) Бауыржан Момышұлы в) Мұхтар Шаханов -
2) Ұлы Отан соғысына қатысып, Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры кім?
а) Сәбит Мұқанов ә) Бауыржан Момышұлы в) Бердібек Соқпақбаев -
3) Абай мен Ыбырайдың ізін жалғастырған ұлы ғалым, ақын-аудармашы кім?
а) Мағжан Жұмабаев ә) Сәбит Мұқанов в) Ахмет Байтұрсынов -
4) Мәңгілік өмірді аңсаған кім?
а) Асан Қайғы ә) Құрманғазы в) Қорқыт -
5) «Аяғы бар, басы бар, арқалаған тасы бар.»
1) Тасбақа 2) Бақа 3) Көлбақа -
6) Өлеңмен жазылған шығарма:
1) Әңгіме 2) Поэма 3) Повесть
Үзіліс: жұмбақтар
Қазылар алқасы бірінші бөлімді қорытындылағанша, сіздермен бірге жұмбақ шешейік.
1) Сылдырдан қорқады, шошынып жортады.
Жауабы: қоян
2) Ауаға шықса ауырады, су ішінде сауығады.
Жауабы: балық
3) Тілден ұшып, құлаққа қонады.
Жауабы: сөз
4) Сөз сөйлесең қозғалыста болады.
Жауабы: тіл
5) Таяқ жеген сайын ойнақтаған.
Жауабы: доп