ПӘНІ АлгебраКЛАСЫ 8 а ТАҚЫРЫП Квадрат функцияның анықтамасы және функциялары
Пәні
Алгебра
Сынып
8 «А»
Тақырып
Квадрат функцияның анықтамасы және функцияның түрлері
Сабақтың мақсаттары
1) Танымдық мақсат
Квадрат функцияның түрлерін анықтау, олардың қасиеттерін талқылау, графигін салу және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу.
2) Дамытушылық мақсат
Квадрат функцияның дербес түрлерінің қасиеттерін зерттеу арқылы жоғары деңгейлі ойлауға ұмтылу; топта талқылай отырып, есептің шешімін бірлесіп табу; АКТ мүмкіндіктерін пайдалану және ақпаратты бағалау арқылы білім деңгейін саралап, өзіндік тиімділікті арттыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Топтық және жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, өзара әлеуметтік қарым-қатынастың орнығуына ықпал ету, адамгершілікке және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушыларда тақырыпқа байланысты берік негіз қалыптасады. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау арқылы олар өз әрекетін реттеп, алынған нәтижелеріне сыни көзқарас танытады.
Әр оқушы өзінің мүмкіндіктері мен деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптастырады. Сабақ барысында ұйымдастырылған сөйлесу және пікір алмасу жағдайлары оқушыларды еркін әрі саналы түрде ойлауға жетелейді.