Төртбұрыштар тарауын қайталауға есептер шығару, білімдерін жүйелеу
Тақырып
Төртбұрыштар тарауын қайталау
Мақсаты
-
1
Төртбұрыштар тарауын қайталау арқылы есептер шығарып, білімді жүйелеу.
-
2
Төртбұрыштардың анықтамалары мен қасиеттерін есеп шығаруда қолдану дағдыларын дамыту.
-
3
Өздігінен ізденуге, бір-біріне көмектесуге және ойын ашық жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
Сабақ типі
Білімді бекіту.
Сабақ түрі
Білім мен дағдыны қорытындылау және жүйелеу сабағы.
Әдістер
- Тәжірибелік жұмыс
- Талдау
- Жинақтау
Көрнекіліктер
- Плакаттар
- Фломастер
- Таратпалы карточкалар
Қолданылатын стратегиялар
Сабақ жоспары
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу және сабақ құрылымымен таныстыру.
-
2
Мағынаны ажырату
Тарау бойынша қайталау және негізгі ұғымдарды жүйелеу.
-
3
Семантикалық картамен жұмыс
Төртбұрыштардың қасиеттерін салыстыру және бекіту.
-
4
Сабақты қорытындылау және білімді бағалау
Нәтижені талдау, кері байланыс және бағалау.
-
5
Үй тапсырмасы
Тақырып бойынша бекітуге арналған тапсырмалар беру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды 4–5 оқушыдан топтарға бөлу.
- Сабақтың құрылымы мен мазмұнын қысқаша түсіндіру.
- Кеспе фигураларды таңдау арқылы топ атауларын анықтау.
2) Мағынаны ажырату: тарау бойынша қайталау
Әр топ өз атауына сәйкес білетіндерін плакатқа тірек-сызба түрінде түсіреді. Жұмысты топ басшысы қорғайды.
Топ атаулары
Тік төртбұрыш
Параллелограмм
Ромб
Квадрат
3) Есептер шығару
Әр топ екі тапсырмадан алады. Топ мүшелерінің бірі есептің шешу жолын тақтада көрсетеді.
№1
Тік төртбұрыштың периметрі 36 см, ұзындығы 12 см. Енін табыңыз.
№2
Параллелограмның бір қабырғасы 3 см, ал екінші қабырғасы одан 5 см-ге артық. Периметрін табыңыз.
№3
Ромбтың қабырғасы 15 см. Периметрін табыңыз.
№4
Квадраттың периметрі 48 см. Қабырғасын табыңыз.
№5
Тік төртбұрыштың AC диагоналі 12 см. AO кесіндісі неге тең?
№6
Параллелограмның бір бұрышы 72°-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.
№7
Ромбтың екі бұрышының қосындысы 124°-қа тең. Бұрыштарын табыңыз.
№8
Квадраттың диагоналі 14 см. Осы диагональ екінші квадраттың қабырғасы болса, екінші квадраттың периметрін табыңыз.